Көлік бамперіне тор тарту заңбұзушылық болып санала ма?

Қазақстандық жолдарда көлік бампері үстіне торы тартылған көліктер жиі көзге түседі. Бұл заңбұзушылық болып санала ма және көлік иесін қандай жаза күтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, көлік алдына тор тарту мемлекеттік нөмірді анықтауға кедергі келтіреді және сәйкесінше тәртіп бұзушылық болып саналады.

«Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (белгісін) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не оларды түрлендіруге немесе жасыруға мүмкіндік беретін құрылғылар мен материалдарды қолдана отырып жабдықталған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны үшін ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген, оның санкциясы 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға және көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады. Тиісінше, нөмірлерге тор тарту заңбұзушылық болып табылады», — деп түсіндірді ведомстводағылар.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.