Конституция күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

Тамызда қазақстандықтар Конституция күніне байланысты қосымша бір күн демалады. Tengri Life ыңғайлы күнтізбе дайындады.

Конституция күні – Қазақстандағы негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл күні еліміз 1995 жылы мемлекеттің құқықтық және саяси негіздерін анықтайтын негізгі заңның қабылдануын атап өтеді.

Бес күндік жұмыс аптасы үшін

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күні қосымша бір күн демалуға мүмкіндік болады. 30 тамыз жұмаға сәйкес келіп, демалыс 1 қыркүйек, жексенбіге дейін созылады. Жалпы, тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 10 күн демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамыз — жұмада демалады. Бұл ретте сенбі, 31 тамыз жұмыс күні, ал жексенбі, 1 қыркүйек қайтадан демалыс күні болады. Осылайша алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар тамызда небәрі 5 күн демалады.

Тамыздағы мерекелер 

Қазақстанда тамызда Конституция күнінен басқа бірқатар атаулы даталар атап өтіледі:

  • 4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) — Көлік қызметкерлері күні;
  • 10 тамыз — Абай күні;
  • 11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) — Құрылысшылар күні;
  • 18 тамыз — Шекарашылар күні;
  • 25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) — Шахтерлер күні;
  • 29 тамыз — Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.