КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСЕДІ

Конституциялық Сот – бұл мемлекеттің конституциялық негіздерін және адамның конституциялық құқықтарын қорғауға арналған әлемдік модель. Қазақстанда мұндай институттың құрылып, жұмыс істеуі еліміздің құқық қорғау жүйесін жаңғырту үшін жаңа мүмкіндік ашады. Жақында Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысқан Әділет вице-министрі Алма Мұқанова жаңа институттың маңызына жан-жақты тоқталып, журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап берді.

«Конституциялық Соттың қызметі үшін заңнамалық, құқықтық негізді қамтамасыз ету, оған Конституциямен жүктелген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң қабылданды. Конституциялық заң Конституциялық Соттың және оның судьяларының мәртебесін, олардың өкілеттіктерін, кепілдіктері мен қамтамасыз етілуін толық ашады. Сондай-ақ, конституциялық іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі егжей-тегжейлі регламенттелген», – деген спикер бұл жаңашылдықтың Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынғанын атап өтті Биылғы жолдауында ел Президенті: «Мен елімізде Конституциялық Сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық Сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін»,– деген болатын. Мемлекет басшысы бұл бастаманы еліміздегі заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғау мақсатында көтергені мәлім. Конституциялық Сотқа жүктелер жауаптылық жоғары. Еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болып табылатын бұл құрылымға енді барлық азаматтар жүгіне алады. Тағы бір ерекше атап өтерлігі, Конституциялық Сот биліктің сот тармағына жатпайды.

Бұл мәселе Конституцияда нақты шешілген. Яғни, Конституциялық Сот сот шешімдерін қайта қарамайды немесе күшін жоймайды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз қызметіне кіріскелі отырған Конституциялық Сот жақында Мемлекет басшысы қол қойған «Конституциялық Сот туралы» заңына сүйеніп жұмысын үйлестірмек. Бұл заң 3 бөлімнен, 10 тараудан және 68 баптан тұрады. Заңда Конституциялық Сот судьяларының тәуелсіздігі мен қол сұғылмаушылығы бекітілген. Алма Мұқанованың айтуынша, Конституциялық Соттың өтініштерді қарау рәсімі жалпы соттардағы сот ісін жүргізу тәртібінен өзгеше. Конституциялық Соттың өтініштерді қарау тәртібі бес кезеңнен тұрады. Алдымен – аппарат өтініштерін алдын ала қарайды. Бұдан кейін конституциялық іс жүргізуге өтініш қабылданады. Кейіннен Конституциялық Сот отырысында өтінішті қарау үшін материалдар дайындап, отырыс өткізіліп, соңында өтініш бойынша түпкілікті шешім қабылданады.

А.ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

«Әділет» партиясы AMANAT мүшелерінің қосылуына қатысты мәлімдеме жасады 

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия...

Қазақстанда электр энергиясының 62 пайызы көмірден өндіріледі 

Энергетика министрлігі елдегі электр энергиясын өндірудің түрлі көздерін теңгерімді дамытуға басымдық беріп келеді. Қазіргі таңда Қазақстанның энергия теңгерімінде көмір генерациясы негізгі рөл атқарады.

Үкімет ең төменгі жалақыны көтеру мүмкіндігін қарастырып жатыр

85 мыңнан 150 мыңға дейін: Ең төменгі жалақы өссе кім ұтады, кім ұтылады?

АҚШ пен Иран соғысты тоқтату жөніндегі келісімге келді 

Келісім аясында Иран бірнеше ай бойы іс жүзінде жабық болған Ормуз бұғазын қайта ашуға келісті.

Мемлекет болашағы үшін ортақ жауапкершілік: AMANAT «Әділет» партиясына қосылуды қолдады 

AMANAT съезінде партияның алдағы бағыты талқыланып, «Әділет» партиясына қосылу туралы мәлімдеме жасалды.