Концертін өткізуге Прагаға ұшып келген Димаш көліктің үстінде отырып қолтаңба таратты

Кеше Прагадағы «Типспорт» аренасының жанына жиналған адам қарасы көп болды. Әлемнің 15-тен астам елінен келген Dears-ті Чех Республикасында әртістің алғашқы жеке концертін өткізуге келген Димаш пен оның командасы қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтетін аренаның «Типспорт» аумағын кеше жылы және мерекелік атмосфера жайлаған.

Чехия, Финляндия, Бразилия, Ресей, Румыния, Украина, Германия, Болгария, Канада, Ұлыбритания, Испания, Перу, Польша, Қазақстан және басқа да елдердің өкілдері Димашты Чех Республикасының жүрегі – Прагада үлкен қуанышпен қарсы алды.

Дәстүр бойынша, Dears сүйікті әншінің әндерін бірлесіп орындады.

Димаштың чехиялық жанкүйерлері қымбатты қонақтардың кездесуін ұйымдастырды.

Ұлттық чех костюміндегі Dear қолынан дәстүрлі нан-тұзды әншінің өзі және оның ата-анасы алды.

Сондай-ақ, әншіге жергілікті шеберлердің ұлттық чех стилінде қолдан жасалған әдемі сыйлықтары тапсырылды.

Күтіп алушылар өте көп болғандықтан Димашқа автомобильдің шатырына шығып отырып қолтаңба таратуға тура келді, жанкүйерлерімен сөйлесіп, оларға алғысын айтты.

Сначала сделали лучше жизнь соседей. Теперь строим новый центр деловой жизни Алматы

  Когда девелопер приходит в район, жители обычно задаются вопросом:...

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі...

Қайырымдылық – қоғамның рухани тірегі

Қайырымдылық – адамзат баласына ортақ ізгі құндылықтардың бірі. Ол...

HONOR 600 выводит мобильную съемку и надежность устройств на новый уровень благодаря флагманским AI-технологиям

Международный бренд экосистемы AI-устройств HONOR представляет новую серию смартфонов...