Концертін өткізуге Прагаға ұшып келген Димаш көліктің үстінде отырып қолтаңба таратты

Кеше Прагадағы «Типспорт» аренасының жанына жиналған адам қарасы көп болды. Әлемнің 15-тен астам елінен келген Dears-ті Чех Республикасында әртістің алғашқы жеке концертін өткізуге келген Димаш пен оның командасы қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтетін аренаның «Типспорт» аумағын кеше жылы және мерекелік атмосфера жайлаған.

Чехия, Финляндия, Бразилия, Ресей, Румыния, Украина, Германия, Болгария, Канада, Ұлыбритания, Испания, Перу, Польша, Қазақстан және басқа да елдердің өкілдері Димашты Чех Республикасының жүрегі – Прагада үлкен қуанышпен қарсы алды.

Дәстүр бойынша, Dears сүйікті әншінің әндерін бірлесіп орындады.

Димаштың чехиялық жанкүйерлері қымбатты қонақтардың кездесуін ұйымдастырды.

Ұлттық чех костюміндегі Dear қолынан дәстүрлі нан-тұзды әншінің өзі және оның ата-анасы алды.

Сондай-ақ, әншіге жергілікті шеберлердің ұлттық чех стилінде қолдан жасалған әдемі сыйлықтары тапсырылды.

Күтіп алушылар өте көп болғандықтан Димашқа автомобильдің шатырына шығып отырып қолтаңба таратуға тура келді, жанкүйерлерімен сөйлесіп, оларға алғысын айтты.

Робототехникадан AI-флагмандарға дейін: HONOR Барселонадағы MWC 2026 көрмесінде ақылды құрылғылар экожүйесін таныстырды

Барселона қаласында өтіп жатқан MWC 2026 халықаралық көрмесінде HONOR компаниясы жасанды интеллектіні енгізудің...

От робототехники к флагманам с AI: HONOR представила экосистему умных устройств на MWC 2026 в Барселоне

На выставке MWC 2026 в Барселоне компания HONOR представила новый этап внедрения искусственного интеллекта и ускорила...

INTEGRA CITY представила ИИ-решения для умных и устойчивых городов на Ai Everything Egypt 2026

Фото:Международная выставка AiEverything Middle East & Africa (MEA) Egypt 2026

HONOR талғампаз HONOR X8d смартфонын ұсынады

Өте жұқа дизайн, сыйымды аккумулятор және жасанды интеллекттің кеңейтілген...

Ел дамуына үлес қосқан азаматтарды ұлықтау — ұлт рухын көтеру

Қоғамда көзге көрінбей еңбек етіп жүрген, бірақ ел дамуына...