Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

Колумбияда 10 тамызда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

Колумбия үкіметінің мәлімдемесінде президент Абелардо де ла Эсприельяның тиісті жарлыққа қол қойғаны хабарланды.

Жарлыққа сәйкес, жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін елде үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

Үкімет мәлімдемесінде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтылды.

Колумбия үкіметі Колумбия халқының атынан 2026 жылғы 10 тамызда ел аумағында болған жер сілкінісінен адамдардың қаза табуына байланысты терең қайғысын білдіреді және қара жамылған отбасылар мен олардың жақындарына қолдау білдіреді. Жарлыққа сәйкес, үш күндік ұлттық аза тұту кезінде бүкіл елдегі мемлекеттік ғимараттарда, сондай-ақ Колумбияның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік тулар төмен түсіріледі. Үкімет қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге қолдау білдіріп, бұл жағдайдың бүкіл елді қайғыға батырғанын атап өтті, — делінген хабарламада. 

Президент де ла Эсприелья америкалық X әлеуметтік желісіндегі жазбасында іздестіру-құтқару жұмыстарының «үзіліссіз» жалғасып жатқанын да атап өтті.

Жоғалған бауырларымызды табу үшін күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жатқан құтқарушыларымыз бен із кесуші иттерімізге сенеміз. Перейрада 30 жастағы Даниэла Андреа Ларго Санчес жеті сағатқа созылған іздестіру жұмыстарынан кейін бірнеше минут бұрын тірі табылды. Бұл жаңалық бізге үміт сыйлап, сенімімізді жоғалтпауға күш береді. Тағы да көп колумбиялық тірі табылып, отбасыларына оралады деп Құдайдан үміт етіп, құтқару жасақтарымыздың жанқиярлық еңбегіне сенеміз, – деді ол.

Енді сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады

Қазақстанда 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллиңнің алдын алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі.

Қазақстан әйелдері үй шаруасына ерлерден 3,2 есе көп уақыт жұмсайды 

Қазақстандық әйелдер үй шаруасына ерлерге қарағанда 3,2 есе көп уақыт бөледі. Сонымен қатар ақылы және ақы төленбейтін еңбекті қоса есептегенде, әйелдердің жалпы жұмыс күні ерлерге қарағанда әлдеқайда ұзақ.

Безопасное будущее начинается сегодня

БЕЗОПАСНОСТЬ РЕБЕНКА НАЧИНАЕТСЯ ЗАДОЛГО ДО ЧРЕЗВЫЧАЙНОЙ СИТУАЦИИ – С ДОСТУПНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ, ПОДГОТОВЛЕННОГО ПЕДАГОГА, ЗАЩИЩЕННОЙ ШКОЛЬНОЙ СРЕДЫ И СВОЕВРЕМЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ. ЭТИ ЗАДАЧИ ОБЪЕДИНИЛА КОНЦЕПЦИЯ «ДЕТИ КАЗАХСТАНА», РЕАЛИЗАЦИЮ КОТОРОЙ, ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ И ПРОБЛЕМЫ МЕЖВЕДОМСТВЕННОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ ОБСУДИЛИ ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ В ХОДЕ ПРАВИТЕЛЬСТВЕННОГО ЧАСА.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін кім басқаратын болды?

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен алғаш рет заң жобасы әзірленді

Қазақстанда алғаш рет «AI-Quryltai» жасанды интеллект платформасының көмегімен заң жобасы әзірленді. Жаңа құжат балаларды цифрлық және ақпараттық ортадағы қауіп-қатерлерден қорғауға бағытталған.