12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Үкімет басшысы делдалдардың комиссиялары мен тарифтеріне қатысты мәселені шешуге 1 ай уақыт берді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов делдалдардың комиссиялары мен тарифтеріне қатысты мәселені шешуге 1 ай уақыт берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент шағын бизнес субъектілерінің мүдделерін қорғауға басымдық бере отырып, «Атамекен» палатасының жұмысын қайта қарауды тапсырды. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүріп жатыр. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнеспен арадағы жан-жақты және өзара тиімді байланысын Президент белгілеп берген форматта қамтамасыз ету керек», — деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы түрлі монополист операторлар мен делдалдар алып отырған комиссиялар мен тарифтерге мұқият талдау жүргізіп, оларды қайта қарау немесе алып тастау бойынша шешімдер дайындауды тапсырғанын атап өтті.

«Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, бір ай мерзімде Үкіметке талдау қорытындысы мен осы мәселені шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізсін», — деді Үкімет басшысы.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...