ӘКІМДІКТІҢ TELEGRAM-АРНАСЫ БЕЛСЕНДІ БАЙЛАНЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ

Техниканың қарыштап дамып, ақпараттың секундта шартарапты шарлап кететін кезеңінде билік пен бұқара арасын байланыстыратын «алтын көпірдің» әдісі де, талабы да өзгеріп тұр. Шегі жоқ қат-қабат қағаз жинап, уақыт созып, жүйке тозып әкімдіктің есігін қағып, әр басшыға мұңын жеткізетін кез келмеске кетті.

Маңғыстау облысы әкімдігінің халыққа жылдам, қысқа, нақты жауап беруді көздеген жеке telegram-каналын ашқанына 9 айдың жүзі болды. Әлеуметтік желі қосымшасына тұрғындардан күн сайын 30- дан астам сұрақ келіп түседі. Мұның өзі билік пен халық арасында тығыз байланыс қалыптасқанының көрінісі. Тұрғындарды толғандырған сауалдардың 80 пайыздан астамына лезде жауап беріліп отыр. Жергілікті әкімдіктің тelegram қосымшасы өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың тапсырмасымен 2021 жылдың 31 қыркүйегінде ашылған болатын. Мақсат – мемлекеттік органдардың халықпен кері байланысын арттыру. Чатқа барлық мемлекеттік қызметшілер, атап айтқанда облыс әкімі, қалалар мен аудандардың әкімдері, басқарма басшылары тіркелген. Қазір бұл чатты қолданушылар саны 10 105 адамға жетті. Алда оның қатары әлі де көбеюі бек мүмкін. Өйткені, тараптар арасындағы байланыстың сапалылығы қолданушылардың көңілінен шығып келеді. Мәселен, осы уақытқа дейін telegram-каналға барлығы 7 522 сұрақ келіп түсті. Оның 7483-іне нақты жауап берілді. Келіп түскен сұрақтар бір-екі жұмыс күнінің ішінде шешімін тауып отыр. Бұл желіде тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, жауабын алуда. Оған тіркелу үшін ұялы телефонда тelegram қосымшасы болса жеткілікті. Теlegram чатта бір аптада 150-ден аса сұрақ қойылады.

Оларды сұрыптап, тиісті орындарға жолдап, жауап қайтарылуын қадағалаумен Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығының мамандары айналысады. «Telegram арна ашылғаннан бері тұрғындардан көптеген хаттар келіп түсуде. Оларды көбіне ауыз сумен қамту, коммуналдық сала мен мемлекеттік қызмет көрсету түрлері туралы мәелелер жиі мазалайды. Сондай-ақ, өңірді дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдіретін тұрғындар да бар. Чатқа келіп түсетін әрбір сұрақ мамандардың бақылауында. Тұрғындардан қандай да бір шағым, не ұсыныс, сұрақ келген сәтте тиісті басқармалар мен жауапты орындарға жолдап, жауап беруін қадағалаймыз. Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің telegram каналы тұрғындардың түрлі проблемаларын жергілікті билік пен жауапты мекеме басшыларына ашық жеткізетін алаңға айналды», – дейді Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығының әлеуметтік желімен жұмыс бөлімінің маманы Аяжан Қайдар. Тelegram-арна – әлеуметтік желінің ашық түрі. Сондықтан да мұнда тыйым салынған тақырып жоқ. Өңір тұрғыны өзін толғандырған кез келген сұрақты қоя алады. Бірақ арнаның өз ережелері бар. Пайдаланушылар қарым-қатынас этикасын сақтап, адамдардың жеке басына тиісіп, балағат сөз жазуына болмайды. Сонымен қатар түрлі жарнамаларға да шектеу қойылады.

Жазира ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.