Киевтегі телемұнараға ресейлік зымырандардың соққысы тиген

Украиналық БАҚ 1 наурызда күндіз Киевтегі телемұнараға ресейлік зымырандардың соққысы тигені туралы ақпарат таратты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның сурет, видеосын «Прямой»  және «Суспiльне» телеарналары, сондай-ақ, Страна.ua басылымы жариялады. Видеоға соққы тиген сәт түсіп қалған.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің ақпараты бойынша, телемұнараға тиген соққы нәтижесінде бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған.

«Сағат 18:00-де болған, Шевченков ауданындағы Киев теледидар мұнарасындағы оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Жұмыстар жалғасып жатыр», — деді ведомство өкілі.

Жарылыс болғаннан кейін Украинаның орталық телеарналары эфирден жоғалып кетті, кейінірек олардың жұмысы қалпына келтірілді.

«Соққы телемұнарадағы аппараттық хабар таратушыға тиді. Уақытша хабар таратуда проблемалар шықты. Радиостанцияларды тыңдауға болады. Жақын арада резерв хабар тарату қызметі іске қосылады», — делінген Жоғарғы Рада Telegram каналында.

Оқиғадан кейін Киев мэрі Виталий Кличко Украина астанасының тұрғындарына Facebook арқылы үн қатты.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, телемұнараға түскен екі зымыран салдарынан бес бейбіт Киев тұрғыны қаза тапты. Олар мұнараның жанынан тротуармен өтіп бара жатқан. Киевтіктерді көшеде жүрмеуге шақырамын! Мүмкіндігінше, абай болыңыздар. Түнде баспаналарыңызда болыңыздар. Қазір мамандар телемұнараның толық жұмысын қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр. Сандық эфирлік хабар тарату қызметі ішінара қалпына келтірілді. Сондай-ақ, телеарналарды кабель желілері, спутник және онлайн-хабар тарату арқылы қарауға болады. Қаламызды қорғау үшін бірігейік!» — деді бокстан бұрынғы әлем чемпионы.

Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты 

Жасыбай орманшылығында шыққан өртті сөндіруге ұлттық парк пен ТЖД күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қосымша мамандар мен Ми-8 тікұшағы жіберілді.

Мектепте бағалау жүйесі өзгереді: Оқушылардың білімі енді қалай бағаланады? 

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі өзгереді. Бұдан былай 1-4-сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді.

Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027...

Мектеп формасына қатысты маңызды мәлімдеме жарияланды

Мектеп формасын белгілі бір дүкеннен сатып алуға ешкім мәжбүрлей...