12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Киев маңындағы Бучада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың мәйіті жатыр

Киевтің солтүстік-батысындағы бір айдан астам уақыт бойы ресейлік әскерилердің  бақылауында болған Буча қаласында ондаған, тіпті жүздеген бейбіт тұрғынның қаза тапқаны мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Украинская правда басылымына сілтеме жасап.

Ресей әскері солтүстікке, Беларусь шекарасына қарай тез шегініп кеткеннен кейін украин әскері қаланы бір күннің ішінде қайтарып алды. Әлеуметтік желілерде кейбір көшелердің тура ортасы қаза тапқандардың мәйіттеріне толып жатқанын көруге болатын фотолар мен видеолар пайда бола бастады.

Сенбі күні қалаға шетелдік БАҚ, соның ішінде Reuters және AFP тілшілері келді. Олар өз баяндамаларында көшелердегі мәйіттердің көптігін растады.

Әңгіме бейбіт тұрғындар туралы болып жатуы мүмкін, себебі қаза болғандар азаматтық киім киген, олардың кейбірін туыстары танып үлгерген. Олардың кейбіреулері атқылау кезінде қаза тапқаны анық немесе миналардың астына түсіп қалған. Бірақ фотодан қолы байланған адамдардың денелерін де көруге болады. Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михайло Подоляк оларды ресейлік әскерилер атып тастаған деп болжайды.

Қала әкімінің айтуынша, 300-ге жуық Буча тұрғынының денесі бауырлас бейітте жерленген.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі Reuters агенттігінің сауалына әлі жауап берген жоқ.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...