12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кез келген заң халық игілігі үшін

Биылдан бастап азаматтық процестік заңнамаға дауларды сотқа дейін және сотта реттеу тәртібін жетілдіру мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілді. «Азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды сотқа дейін және сотта реттеу институтын дамыту» мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.
Заңдағы жаңа өзгерістерге келетін болсақ, бұрынғы «кәсіби емес медиатор» атауы «қоғамдық медиатор» деп өзгертілді. Яғни, медиатордың осы атына сай, қайтарымсыз, тегін қызмет көрсету, қоғамдық жұмыс ретінде ерікті түрде атқару міндеті кіреді. Осы жерде ірі қалаларда кәсіби медиацияның, ал ауыл-аймақтарда қоғамдық медиацияның дамып жатқанын атап өту керек. Кәсіби медиаторлар онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстардан бастап, азаматтық, әкімшілік дауларды да жүргізе береді. Заңда медиаторлар мен уәкілетті органдардың міндеттері, медиатордың құқықтары айқындалған. Онлайн-медиация рәсімін дамытуға бағытталған өзгерістер де енгізілген. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талабына сай жария-құқықтық даулар бойынша медиативтік келісім жасақтау мүмкіндігін қарастыратын норма қосылған.
«Үлгілі сот шешімі» мен «Сотқа дейінгі хаттама» деген жаңа түсініктер туралы да атап өткен жөн. «Үлгілі сот шешімі» институты бойынша жоғары тұрған сотқа тараптардың келісімімен көптеген ұқсас және біртектес істердің бірін талап ету, қабылдау, бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша қарау және ол бойынша үлгі болатын шешім шығару құқығы беріледі. Егер сот іс бойынша жағдайды басқаша деп санаса, басқа шешім қабылдайды. Үлгілі шешім тараптардың келісімімен ғана мүмкін болады.
Сотта бітімгер-судья бітімгерлік рәсімімен қарауға жататын талап арыз бойынша тараптар арасында татуластыру рәсімін жүргізеді. Судья тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін, оның салдарын түсіндіреді, дәлелдемелерді аша отырып, сондай-ақ, дауды шешу нұсқаларын ұсынады. Тараптар да өз дәлелдемелерін жариялайды. Судья медиация келісімін жасауға ықпал ететін дәлелдемелерді ашып көрсете отырып, сотқа дейінгі хаттама толтырады. Тараптар келісімге келген жағдайда іс тоқтатылады.
Жаңа өзгерістер отбасылық дауларды айналып өтпеді. Ендігі жерде соттар неке бұзу дауларына қатысты ортақ мүлікті бөлу, балалардың тұрғылықты жерін анықтау, алимент өндіру секілді барлық мәселелерді процесті жүргізу барысында қарайды. Алимент өндіру бойынша келісімді бұрын сот пен нотариустар жасайтын болса, енді медиаторлар да, адвокаттар мен заң кеңесшілері де бітімгерлікке бастайтын келісімдерді жасақтай алады. Бұл келісім алимент төлеуге міндеттелген тұлғаның жұмыс орнындағы лауазымды азаматтар үшін орындауға жатады. Осы келісім негізінде болашақта алимент төлеген ата-аналар балаларынан көмек те сұрай алады.
Сондай-ақ, ажырасуға ниет білдірген тараптар бұған дейін азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөліміне алдын ала жазылған уақытта келе алмаса, іс тағы бір айға созатын. Осылайша азаматтар некелерін бұзбайынша бір-бірінің қолының босауын, келуін күтіп, процесті созып жүре беретін. Ал, 2022 жылдан бастап егер тараптар неке бұзу туралы арызды қайта жазғаннан кейін де тараптардың бірі мемлекеттік тіркеу органына келе алмаса, орган өкілдері келе алмаған азаматтың нотариус арқылы неке бұзу туралы келісімі негізінде некені бұза алады. Бұл азаматтарды сергелдеңге салмай, уақытты үнемдеуге бағытталған. Айта кету керек, азаматтардың хал-актілерін тіркеу мекемесі арқылы неке бұзу тек тараптар арасында кәмелетке толмаған балалары және мүліктік даулары болмаған жағдайда ғана қаралады. Неке бұзу туралы істер сотта жалпы 6 айға дейін созылуы мүмкін. Сонымен қатар, тараптар арасында татуласу рәсімін жүргізу үшін де уақыт беріледі. Осы өзгерістердің нәтижесінде «Айтысып сөзге келгенше, ақылмен жөнге кел» демекші, сот залынан дауды мәдениетті түрде шешіп, қол алысып шығатындардың саны артып жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Заң қай кезде де халқымыздың игілігі үшін қызмет етуі тиіс. Ендеше ел ішінде дау-дамай туа қалған жағдайда, алдымен іс бітімгерлік келісіммен қаралғаны абзал.

Айгүл Елеусинова,
Бейнеу аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы
Маңғыстау облысы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...