«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 9 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 2024–2025 жылдары 12 600 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілді. Ал 4500 орындық 4 мектеп Ақтау қаласындағы 17, 33, 19-шы шағын аудандарда ашылса, Батыр ауылынан бір білім ошағы пайдалануға беріліп үлгерді. Ал қалған 9 мектеп жыл соңына дейін ашылады.

«2025 жылдың аяғына дейін 6600 орындық 9 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Тамыз айында Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы, Рауан елді мекені, 20-ш/а, Жаңаөзен қаласы Мерей ш/а, Бейнеу ауданы Сам ауылы, Маңғыстау жəне Мұнайлы аудандары мен Батыр ауылында орналасқан. Ал қазан айында Ақтау қаласындағы 1500 орындық бір мектепті 16-шы ш/а ашу межесі бар»,– дейді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектеп осы жылдың 20 қаңтарында есігін айқара ашты. Білім ошағы көрсең көз тоярлықтай, қажетті құрал-жабдықтардың барлығымен қамтылған. «Қолмен жасаған уақытта баланың қызығушылығы ашылады. Бала талпынады. Интернеттен басқа тəсілдер үйреніп, соны айтып, жасап жатады. Өз қолымен жасаған бұйымдар бəрібір өзгеше болады. Балалардың қызығушылығы басым. Телефоннан, теледидардан біршама үзіліс жасап, қолмен əр затты ұстап, тігінмен, тағам дайындауды үйреніп шығады»,–деп атап өтті №31мектептің еңбек пəні мұғалімі Гүлнұр Алпамысқызы.

Дəл осы білім ошағында 25 ерекше бала білім алады. Олардың 21-і бастауыш сыныпта оқиды. Логопед, дефектолог жəне психолог мамандар дамуында кідірісі бар балалармен жұмыс жасайды. Ерекше білімді қажет ететін оқушылар үшін білім ордасында сенсорлық, инклюзивті білім беру кабинеттері заманауи үлгіде жабдықталған. Осы мектептің дефектолог-мұғалімі Малика Шахизаттың айтуынша, аптасына балалармен 2 рет жұмыс жасайды. Бір сабақ ерекше баламен жеке, 2-шісі топпен жүргізіледі. Осылайша топпен қасындағы балалармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беріледі. Үш баланың қасында педагог ассистенті болады. Сабақ барысында сол маман сүйемелдеп отырады. Басқа балалар маман көмегін қажет етпейді. Өздері барлық тапсырманы біледі.

Бастапқы білімі қалыптасқан. Мектеп 53 заманауи пəн кабинеттерімен жабдықталған. Жалпы аумағы 10 400 шаршы метрді құрайтын 900 орынға арналған жаңа білім ордасында 1928 оқушы білім алуда. Оларға 143 педагог сапалы білім береді. Оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін STEM зертханалары, визуалды дизайн жəне хореография кабинеттері бар. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепте садақ ату, би, робототехника, тоғызқұмалақ жəне басқа да спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Жалпы, Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» аясында ашылған білім ордасының дені осындай.

Жазира ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.