12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына 2024 жылдың 5 шілдесінде өзгерістер енгізілді. Сол өзгерістердің ішіндегі өзектісі жаңа сот сатысы – кассациялық соттың құрылуы.

Кассациялық сот туралы 2023 жылғы 12 қыркүйекте еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесуде Президент Қ.К.Тоқаев дер­бес кассациялық саты құру мәселесіне тоқталған болатын.

Бұл өзгеріс барлық іс санаттарының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік жасау үшін енгізілді.

Осы өзгеріске дейін кассациялық сот сатысы Жоғарғы Соттың құрамында болды. Барлық істерді кассациялық сатыда қайта қарала бермейтін. Соның салдарынан қылмыстық және азаматтық істердің тек 5 пайызы ғана кассацияға жолданатын. Атап айтар болсақ:

— азаматтық істер жеңілдетілген (оңайлатылған) іс жүргізу тәртібінде қаралса,

— іс татуласу рәсімімен аяқталса,

— жеке тұлғалар үшін талап қою сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса,

— заңды тұлғалар үшін 30 000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, бұл істер кассацияда қаралмайтын еді.

Қылмыстық істерден қылмыстық теріс қылықтар бойынша, онша ауыр емес қылмыстар бойынша, сот талқылауы барысында шығарылған, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша және тергеу судьясы шығарған сот актілері қаралған істер кассацияда қаралмады.

Ал, соңғы өзгеріске орай кассациялық сот са­тысы дер­бес болады.

Жаңа өзгерістерге сай, кассациялық сот — сот істері мен материалда­рын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды, сот практикасын зерделейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды, заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Сондай-ақ, бірыңғай кассациялық сотта заңды күшіне енген сот актілері қайта қаралады,  алдын ала қарау сатысы болмайды, 6 ай шегінде ақылға қонымды мерзімдер белгіленеді және де істерді мәні бойынша үш судья құрамында қарайтын болады.

Жаңа сот сатысы 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша Астана қаласында құрылып, апелляциялық сот алқасының қабылдаған актісі негізінде істерді қайта қарайды.

Бұл өзгерістер адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына барынша ықпал жасауына, халықтың сотқа деген сенімді одан әрі нығайтуға кепіл болады деп санаймыз.

Ақтөбе обоысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Е.М.Әмребеков

Абыройы асқақ тұлға

Бүгінгі мақалаға арқау болып отырған кейіпкеріміз, еңбегімен танылған, ұрпаққа...

Судьялар съезінің маңызы зор!

Биылғы жыл Қазақстан Республикасы судьялар съезінің ІХ рет өтуімен...

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...