Карантиннен кейінгі той-бизнес: асабалардың гонорары қандай?

Карантиннен кейінгі той-бизнестің ахуалы қандай? Tengrinews.kz тілшісі осы тақырыпта асабалармен сөйлесіп көрді.

Асаба Айдар Сұлтанмұраттың айтуынша, мейрамханалар ашылып, шектеулер алып тасталғанына байланысты бәрі бұрынғы қалпына келе бастаған.

«Карантин кезінде тойды ерте бастап, ерте бітіруге асығып, үреймен жүргізетін едік. Қазір тапсырыс та көп, тойда қонақ та көп. Халық тойды кәдімгідей сағынып қалған. Карантин кезінде жұрт тойдың қадірін түсінген секілді. Жақсылық болғаны жақсы ғой», — деді Айдар.

Ол той саласында жүргеніне 13 жыл болғанын, сонымен қатар, табыс мөлшері туралы айтты. 

«Айына нақты қанша тойға шығатынымды айта алмаймын. Бірақ бір айда 4-5 күн ғана үйде боламын. Карантинге дейінгі табысымыз жақсы болды, қазір одан да жақсы», — деді ол.

Айдар тапсырыс көбіне Тараз, Алматы облыстарынан, Талдықорғаннан түсетінін жеткізді.

«Алматыда тұрғаннан кейін тапсырыстың көбі осы жерден келеді. Басқа қалаларға да жиі барамыз. Көп тапсырыс Шымкенттен түседі. Бір айда кемінде екі рет шақырту келеді», — деді асаба. 

Сондай-ақ, ол наурызда, жаз бен күзде тапсырыс көлемі артатынын айтты.

Ал асаба Мади Мырзабектің айтуынша, карантин кезіндегіге қарағанда айтарлықтай өзгеріс болмаған.

«Алғашқы кезде той тұрмақ, қарапайым нәрселердің өзіне шектеу болғаны белгілі. Сондықтан басында өте қиын болды. Кейін біртіндеп жеңілдей бастаған кезде халық та той жасады. Сол кезбен салыстырғанда, айтарлықтай айырмашылық жоқ. Ол кезде қонақ санында ғана өзгешелік болды. Өйткені алыс аймақтан келу қиын болды. Карантин кезінде шамамен айына он той болса, қазір де сол шама — сегіз бен он тойдың арасы», — деді Мади.

Ол табыс көлемі бойынша карантинге дейінгі жағдай қалпына келгенін айтты.

«Карантин кезінде арзанға шығуға тура келді. Халықта ақша болмады. Қазір қайта өз қалпына келді», — деді ол.

Асаба сұраныс барлық өңірден келетінін, әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Талдықорғаннан жиі түсетінін айтты. 

«Оңтүстік өңірлерден сұраныс жиі келеді. Жаз бен күзде сұраныс өте көп. Осы кез — кәдімгідей той маусымы. Жұмысымыз қызады», — деді асаба.

Ал гонорар мәселесіне қатысты асаба нақты бір ортақ баға жоқ екенін айтты. Өйткені біреу 5 мың доллар сұрайды, ал біреу 10 мың долларға шығады.

«Бұл жерде мәселе қаншалықты танымал болғаныңа байланысты. Әлеуметтік желілеріңді қалай жүргізесің, халық қаншалықты таниды, соншалықты гонорар қоя аласың. Бұл жағдай әншілерге де қатысты. Жеке өзімнің гонорарым — 300 мың теңге», — деді Мади.

«Әйел әлемі» – қоғамның өзекті мәселелері талқыланған алаң

Алматы қаласында «Әйел әлемі» тақырыбында қоғам қайраткерлері, зиялы қауым...

Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Қоғамдық ой мен рухани құндылықтарды насихаттап жүрген танымал тұлғалардың...

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026...

HONOR Robot Phone представил на Каннском кинофестивале новые возможности мобильной съемки в рамках China Night

Устройство, созданное при стратегическом техническом сотрудничестве с ARRI, будет...

HONOR одним из первых получил доступ к Android 17 Beta 3 для разработчиков

Международная технологическая компания HONOR объявила, что флагманский смартфон HONOR...