12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Канада Ресей мен Беларуське қарсы жаңа санкциялар дайындап жатыр

Канада билігі Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларуське қосымша санкциялар дайындап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мелани Жоли мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы санкция Украинаның егемендігін, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін бұзуға жәрдемдескен, Путиннің мағынасыз іс-әрекетіне қолдау көрсеткені үшін тоғыз ресейлік, тоғыз беларусь азаматына енгізіледі. Бұл адамдар Ресей мен Беларусь режимінің жақтастары.

«Бұл азаматтар Владимир Путиннің Украинаға мағынасыз басып кіруін қолдаған, көз алдымызда болып жатқан жантүршігерлік оқиғаларға қатысы бар. Біз Украинадағы халықаралық құқық бұзушылықтардың тергелуіне және кінәлілердің жауапқа тартылуына бар күшімізді саламыз», — делінген Канада үкіметінің сайтында.

Сонымен бірге, Сыртқы істер министрлігі санкция тізіміндегі жаңа айыпталушылардың кім екенін әзірге жариялаған жоқ. Мәлімдемеде Канада Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратыны атап өтілді.

«Канада ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті сақтау үшін халықаралық серіктестерімен жұмыс істеуді жалғастырып жатыр. Бучада және Украинаның басқа жерлерінде, соның ішінде Халықаралық Қылмыстық Сотта (ХҚК) әскери қылмыстар туралы мәлімдемелерді толық тергеуді талап етеміз», — делінген хабарламада.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...