12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кабул мешітінде жойқын жарылыс болды, 50-ден аса адам қаза тапты — БАҚ

Ауғанстан астанасы Кабулда мешітте жарылыс болды, қаза тапқандар саны 50-ден асты, — деп хабарлайды REUTERS.

«Жұма намазынан кейін Кабул мешітінде жойқын жарылыс болып, 50-ден аса адам қаза тапты», — деп хабарлайды агенттік мешіт басшысына сілтеме жасап.

БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестірушісі Рамиз Алакбаровтың мәліметіне сәйкес, бұл жарылыс «әлі де қауіпсіздік пен зорлық-зомбылық азабын тартып жүрген» Ауғанстан халқы үшін «тағы бір ауыр соққы» болды.

Талибан қозғалысының өкілі (қозғалысқа БҰҰ террористік әрекеті үшін санкциялар салған) Забиулла Муджахид те шабуылды айыптап, Twitter-де бұл «қатыгез іс исламмен де, елмен де байланысты емес» деп жазды.

Ауғанстанның ұлттық қарсыласу майданы да жарылысты «Кабулдағы Талибанның ең ықпалды командирлерінің бірі» ұйымдастырды деп мәлімдеді.

Бұған дейін бейсенбіде Мазари-Шарифте екі жарылыс болған. Кем дегенде тоғыз адам қайтыс болды, тағы 13 адам жарақат алды. Жарылыстар үшін жауапкершілікті «ДАИШ» террористік тобы (Қазақстанда тыйым салынған) өз мойнына алды. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлаған.

Жарылыстардың бірі білім беру мекемесінің маңында болды. Тағы бірінде автомобиль жарылды.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...