12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУ КҮТЕДІ

Алматыда 2020 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 106 007 жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік және заңды тұлға бар. Ондағы қызметкердің нақты саны 346 899. 30 наурыздан 5 сәуірге дейін барлық ұйым мен кәсіпорын жұмысы уақытша тоқтатылды.
– Палатаға түскен бизнес өтініштер талдауы көрсеткендей, салықты кейінге қалдыру, тауарларды қала шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ, табысы жоғалған жеке тұлғалар мен қызметкерлерге ең төменгі жалақы төлеу ең өзекті мәселе болып отыр. Біздің қызметкерлер күн сайын, демалыссыз, кәсіпкерлерге телефон арқылы салық заңнамасының ережелерін және салық төлемдеріндегі өзгерістерді, төтенше жағдайлар кезінде жалдау мерзімін кейінге қалдыру туралы мәліметтерді, форс-мажорлық жағдайлар бойынша куәлік алу, ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді беру, сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің негізгі қарызды және барлық бизнес несиелері бойынша сыйақы төлеуді тоқтата тұру жөніндегі ақпаратты түсіндіруде, – дейді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.
Кәсіпкерлер палатасы төтенше жағдай кезіндегі кадрлық мәселелерді анықтау мақсатында, 874 кәсіпорынның жұмысшыларын жұмыстан босату туралы онлайн-сауалнама жүргізген. Осы кәсіпорындардағы 16 869 жұмысшының 7 202 қызметкері немесе 25,4% еңбекақысыз демалысқа жіберілген, енді 1617 қызметкер босатылады деп жоспарлануда. Кәсіпкерлер палатасы карантин кезеңінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға да ықпал етеді. Мәселен, Алматыға қала маңындағы жұмысшылардың кіруіне тыйым салынуына байланысты кейбір компанияларда жұмысшылардың белгілі бір саны тапшы болуда. Олар жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 16 компаниямен байланысқа түсіп, 254 өтініш беруші жұмысқа жіберілген. Әрине жұмыстан босатылғандардың бәрін жұмыспен қамту оңай шаруа емес. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлерге 6 айға дейін жұмысынан айрылғаны үшін
әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жұмыс өтілі мен соңғы 24 айдағы кірісіне байланысты тағайындалады. Төлем МӘСҚ есебінен жоғалған кірістің 40% мөлшерінде жүзеге асырылады. Ол үшін жұмыстан босатылған қызметкер жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруі керек. Төлем автоматты түрде жасалады. Сондай-ақ, егер азамат жұмыссыз ретінде тіркелген болса, әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

[ratings]

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...