Көрісу — көненің желісі еді…

Амал күні қазағым көріседі,

Көрісу, бұл — көненің желісі еді.

«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып,

Ақ ниетпен адал қол беріседі!

Алматы облысы бойынша  ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/4 (әйелдер колониясы) мекемесінде «Көрісу күні» ұлттық дәстүрлі мереке қарсаңында, мекеменің мұражайында сотталған әйелдер «Көрісу» атты театральді көрініс қойды. Ұлттық аспаптардың үндері естілді, барлықтары бір-біріне жаңа жылда салауаттылық тіледі. Осы керемет көктемнің көңіл күйімен және ізгі тілектерімен мекемеде Наурыз мейрамына дайындық басталып кетті.

ххх

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/4 мекемесі «Көрісу күнін» — атап өтті. Бұл күннің бір ерекшелігі, бұрын соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын туыс арасындағы араздықты жойып, татуласып, табысады. Бұл күні  бір-бірімен амандасып, жақсылық тілеп қана қоймай жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдіреді. Көктем басында осындай керемет қазақ мерекесінде, Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ комитетінің ардагерлер кеңесі шақыртылып, дастархан жайылып, алғыс білдірілді.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...