12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Көктемнің әр күні жылға азық

Наурыз ықылым заманнан бері жыл басы ретінде қалыптасқан мейрам. Тіршілігі табиғатпен етене байланған бабаларымыздың кезінде Наурыз жылдың һәм жаңарудың бастауы саналған. Өйткені, қараңғылық қоюланатын түннің қысқарып, шуағын шашқан күннің ұзаратын сәтінің келуі тіршілік әлеміне тың серпін әкеледі.
Ақ түйенің қарны жарылған Ұлыс­тың Ұлы күні қазақ елі үшін қашанда қасиетті әрі киелі саналған. Бұл күні халқымыз ұлттық нақыштағы әсем ою-өрнекпен кестеленген көркем киімдерін киіп, бір-біріне деген өкпе-ренішті ұмытып, арқа-жарқа болып амандасып, төс қағыстырып, жүрекжарды ізгі тілектерін ақтара айтқан.
Көктем «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы» ретінде сипатталады. Бұл күні ата-бабаларымыз қыстан аман-есен шығып, көктемге жеткеніне, жержүзі жаңаратын жаймашуақ сәттің келгеніне шүкіршілік айтып, осы сәтті көпшілік болып ме­рекелеген. Айналаны, үйдің ішін та­зартып, ағаш отырғызу, көше бойларында дастарқан жаю және түрлі ойын ойнау арқылы айналаны ән-­жырға бөлеген. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп бір-біріне ақжарма тілегін ақтарған.
Ата-бабаларымыз «Амал күні» ретінде «көрісу дәстүрімен» Наурыз мейрамын мерекелеуді 14 наурызда бастаған. Себебі, қыс қатты болып, ауыл-ауылдың, туыс пен жекжаттың арақатынасы, байланысы үзілген. Сондықтан да «Самарқанның ақ тасы еріген» тұста қыстан дін аман шыққан адамдар бірін-бірі көктемнің келуімен құттықтап, көрісіп мәз-мейрам болған. Бір-бірінің жағдайын сұрап, қыста орын алған қиындыққа жұбаныш, қуанышқа құтты болсын айтқан. Бұл дәстүрдің бүгінге дейін жібі үзілмей жетуінің тарихи маңызы міне осында.
Шынында да Наурыз мейрамын мерекелеуді бірнеше күнге бөліп, көктемнің әрбір күнін әр түрлі игі іске арнап, азаматтарды осы істің басына топтастыру бұл жақсылықтың бастамасы. Бір күн көрісуге, достар, туыс­тармен қауышуға арналса, екінші күн тұрмысы төмен, жасы егде адамдарға көмек қолын созуға арналуы, сол сияқты қоғамды игі істің басына біріктіретін, адамдарға қуаныш сыйлайтын шараларды қолға алса жөн болар еді.
Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болады. Салт-дәстүр сол халықпен бірге жасасып, оның тарихында өшпес із қалдырады. Ендеше, салтымыз санамызда мәңгілік жаңғырып тұруы үшін сол дәстүрлерді жаңғыртып, жандандырып, көпшілікке ұсыну керек.
Баршаңызды келе жатқан халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін – әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын.

М.Тұрғанбаев,
Қызылорда қаласының
мамандандырылған тергеу сотының төрағасы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...