Күйіп кетейін деп тұрмыз: «Алтын Ордадағы» саудагерлер наразылықтарын білдірді

Алматыдағы «Алтын Орда» базарының кәсіпкерлері наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, наурызда салынып біту керек болған сауда орталығына 800-дей саудагер әлі күнге дейін орналаса алмай жүр. Бұлай сенделуін олар басшылықтан көреді. Ал олар құрылыс жұмыстарын бір айдың ішінде толық бітіріп береміз деп сендірген, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, 800-ден аса саудагер ғимараттан орын алу үшін қомақты қаражат төлеген. 

«2020 жылдан бастап осы таза базарға ақша жинап бастадық біздер. 2,3 миллионнан құйып бастадық. Төрт бутик алып, 20 миллион ақша құйып тұрмын. Енді қай жаққа барарымды білмеймін. Ана бастыққа барсам, «арыз жаз» дейді, мына жаққа барсақ, бастық неғылады. Екі ортада біздер күйіп кетейін деп тұрмыз», — дейді саудагер Зоя Әлімбетова. 

Ал тағы бір саудагер Гүлнар Итиярова екі бутик алған. 

«Ақшамызды өткізгенде біз құжат алмағанбыз ол жерден. Енді біздердің талабымыз  жаңа бастық болсын, ескі бастық болсын біздің төлеген ақшаларымызға бутигімізді салып берсін біздерге. Толықтай жасап берсін», — дейді саудагер. 

Осыдан екі жыл бұрын іргетасы қаланған бұл ғимарат кәсіпкерлердің жинаған қаржысына салыныпты. 30 мың шаршы метрлік сауда орталығының құрылысы әлі жүріп жатыр. 

Ал кәсіпкерлер нысанның ішіне кіре алмай отыр. Олардың айтуынша, келісім бойынша олар наурызда орналасу керек болған. Алайда ғимараттың құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған.

«Келісімшарттары бәрі қолында. Менде кабинетте қазір мынандай бума арыз жатыр. Ішінде келісімшартымен тіркелген. Мен бәріне бір ауыздан айтып отырмын. Мынау біткен кезде барлықтарың келіп, өз орындарыңды аласыңда, ашылуын тойлаймыз, жұмыстарыңды бастайсыңдар. Бас директордың тапсырмасымен халықтан бір тиын алмайсың, бюджеттің ақшасымен 1 айдың ішінде бітір деген тапсырма берген маған. «Бітір» деді, мен бітіремін», — дейді базар әкімшісі Ермек Марқабаев. 

Бүгінде бұл ғимаратта тек 200-ден астам сауда нүктесі бар. Бас әкімші қалған кәсіпкерлерді алдағы уақытта салынатын жаңа нысанға орналастырмақ. Алайда, осы уақытқа дейін сылдыр сөзге сеніп келген саудагерлер бұл жолғы уәдеге де сенгісі жоқ.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.