Испания Португалиямен кездеседі: Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды 

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың алты жұбы анықталды.

Ширек финал жолдамасы үшін алғашқы болып Канада мен Марокко құрамалары бақ сынайды. Кездесу 4 шілде күні Хьюстон қаласында өтеді. Дәл осы ойын күні Франция құрамасы Филадельфияда Парагваймен кездеседі.

6 шілдеге қараған түні бірден екі матч өтеді: Бразилия Норвегиямен, ал Мексика Англиямен күш сынасады.

7 шілде күні Испания мен Португалия, сондай-ақ Бельгия мен АҚШ құрамалары өзара кездеседі.

Қазіргі уақытта 1/8 финалдың сегіз ойынының алтауы белгілі болды. Қалған екі жұп 1/16 финалдың соңғы матчтары аяқталғаннан кейін анықталады.

Қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 

Қазақстанда қаржы пирамидаларын жарнамалаған блогерлер мен танымал тұлғалар заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін.

Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады 

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады 

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Терроризм туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін – ІІМ 

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі – 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.