Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан қайтарылды

Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел Түркиядан қайтарылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен  бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматын Түркия Республикасынан елге қайтарды.

Күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін деп уәде етіп, алдау арқылы олардың ақшасын иемденген.

Оның қылмыстық әрекеті салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңге көлемінде материалдық залал келген. Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған.

«Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасы аумағында ұсталды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды», — деп жазылған хабарламада.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге қалдырылды.

2030 жылғы Әлем чемпионатына 64 құрама қатысады

Бұл туралы Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (КОНМЕБОЛ) президенті Алехандро Домингес мәлімдеді.

Елімізде бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді

Барлық өрт найзағайдың жарқылынан тұтанған, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды? 

Әлем чемпионаты 12-16 тамыз аралығында Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтеді.

Қазақстандықтар қандай қызметтер мен жәрдемақыларды онлайн ала алады? 

Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшіп, көптеген рәсімді үйден шықпай-ақ орындауға мүмкіндік пайда болды. Бүгінде телефон арқылы жаңа туған сәбиді тіркеуге, әлеуметтік төлем рәсімдеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, емханаға тіркелуге, зейнетақы жинағын тексеруге, тіпті техникалық паспорт алуға болады.