12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Иран президентінің кеңсесі тікұшақ апатына қатысты тың мәлімет айтты

Ибрагим Раисидің кортежінде болған тағы бір тікұшақтың жолаушысы — Иран президенті әкімшілігінің басшысы Голам-хоссейн Эсмаили. Ол президенттік тікұшақ апатына қатысты тың мәлімет айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IRNA ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Эсмаилидің айтуынша, ұшу кезінде ауа райы қолайлы болған, аспанның бір бөлігі ғана бұлтты болған.

«Ұшқаннан кейін жарты сағат өткен соң, Сунгун мыс кеніші маңында күн бұлттанды, бірақ бұл тұман емес еді. Шатқалда тұман болған шығар, бірақ біз ұшқан жолда тұман болған жоқ. Бұлттар тікұшақтан сәл жоғары болды. Бортында президент отырған тікұшақтың ұшқышы командир ретінде биіктеп, кейін бұлттардың үсті арқылы ұшу туралы нұсқау берді», — дейді ол.

Президент әкімшілігінің басшысы өзі отырған тікұшақтың ұшқышы президент көлігі жоғалып кеткенін жарты минуттай уақыт өткен соң түсінгенін айтты.

«Біздің ұшқыш бұрылып, тікұшақты іздей бастады. Маған тікұшақ құлауы мүмкін екенін айтты, өйткені бір жарым минут бойы байланыста болдық. Біздің тікұшақ бірнеше рет айналып, радиобайланыс орната алмады. Біз Сунгун шахтасына 30 секундтан кейін қондық», — деді Эсмаили.

Осыдан кейін жоғалған тікұшақпен байланысу әрекеттері басталған. Қоңырауға Раисимен бірге ұшақта болған Иранның Табриз қаласындағы Джума мешітінің имамы Сайед Мохаммад-Али аль-Хашем жауап берген.

«Жағдайым нашар, не болғанын білмеймін, мен қайда екенімді білмеймін, мен ағаштардың астындамын, мен білмеймін, мен ешкімді көріп тұрған жоқпын, мен жалғызбын», — деген ол.

Оның айтуы бойынша, Bell 212 апатқа ұшырағаны белгілі болды. Біз имам қайтыс болғанға дейін бірнеше сағат бойы онымен байланыста болдық, дейді президент әкімшілігінің басшысы.

Айта кетейік, биыл 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты. Ұшақ Иранның солтүстік-батысындағы Әзербайжан мен Түркия шекарасына жақын таулы аймақта құлаған.

20 мамырда Иранның вице-президенті Мохсен Мансури Ибрахим Раисидің өлімін растаған.

Бюджетные реформы: что ожидать?

МАЖИЛИС ПАРЛАМЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН УТВЕРДИЛ ПРОЕКТ РЕСПУБЛИКАНСКОГО БЮДЖЕТА НА 2026-2028 ГОДЫ. ПРЕДСТАВЛЕННЫЙ ДОКУМЕНТ ЗАФИКСИРОВАЛ СУЩЕСТВЕННЫЙ ДЕФИЦИТ И ПРОДЕМОНСТРИРОВАЛ НЕСОГЛАСОВАННОСТЬ МЕЖДУ ЗАЯВЛЕННОЙ СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКОЙ И РЕАЛЬНЫМ ФИНАНСОВЫМ ОБЕСПЕЧЕНИЕМ, ОСОБЕННО В ОТНОШЕНИИ ПОВЫШЕНИЯ МИНИМАЛЬНОЙ ЗАРАБОТНОЙ ПЛАТЫ.

Елімізде үш жылда мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2 есе өсті

Қазақстанда мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы үш жылда екі есе өсті.

Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты марапаттады

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар кімдерге берілді?

Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Шағын бизнес алдағы үш жылда тексеруден босатылады

Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады.