Желіде Жаңаөзенді су басу қаупі бар деген жалған ақпарат тарады

Желіде Жаңаөзенді су басу қаупі бар деген жалған ақпарат тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Маңғыстау облысының аумағында, нақты айтқанда Жаңаөзен қаласында су басу қаупі бар және оған құзырлы органдары дайындық жүргізіп жатыр деген ақпаратқа сенбеуіңізді сұраймыз. Бұл — жалған ақпарат. Мұндай жалған ақпараттарға сеніп, үрейленіп, дүрбелең туғызбаңыздар. Маңғыстау облысының ресми өкілдерінің ақпаратына ғана сеніңіздер», — дейді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Жайнат Әуесбаев.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпарат таратпау керегін ескерткен болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.