12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ИГЕРІЛМЕГЕН ҚАРЖЫ – 58 МЛРД ТЕҢГЕ

2022 жылғы алғашқы 5 айдағы мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы Үкімет отырысында жасалған Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың баяндамасына қарағанда мемлекеттік бюджетке 6 трлн 554 млрд теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 107 % орындалды.

Атап айтқанда республикалық бюджетке 4,4 трлн теңгеге жуық кіріс түсіп, жоспар 100,9% орындалды. Кірістер бойынша жоспар – 41 млрд теңге, оның ішінде салықтар – 11 млрд теңгеге, салықтық емес кірістер – 29 млрд теңгеге асыра орындалды. Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомалары ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына тиесілі болды. Жоспардың асыра орындалуы ағымдағы жылғы 4 айдағы жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды өткізу бойынша айналым сомаларының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,4% ұлғаюына байланысты. – Жоспар корпоративтік табыс салығы, импортқа қосылған құн салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша орындалмаған. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар 648 ірі салық төлеуші бойынша аванстық төлемдер сомаларының 48%-ға немесе 46 млрд теңгеге азаюына байланысты орындалмаған. Импортқа қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауының негізгі себебі, үшінші елдерден импорттың төмендеуі. Шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспардың орындалмауы шикі мұнайға іс жүзіндегі мөлшерлеменің болжамды көрсеткіштен орташа 5,5% немесе шикі мұнайдың баррелі үшін төмендеуіне және теңге бағамының АҚШ долларына шаққанда өзгеруіне байланысты болды», – дейді Ерұлан Кенжебекұлы. Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің кірістері 122% атқарылып, 2 трлн 154 млрд теңгені құрады. Жоспар 388 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша – 351 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар Түркістан облысынан басқа барлық өңірлерде асыра орындалды. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары – 98,5%, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,1%, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3% атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 6,9 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 65 млрд теңгені құрады, оның 7 миллиардын – үнемдеу, 58 миллиарды игерілмеген қаржы. Қаржы министрінің сөзіне қарағанда, игерілмеген қаржының ірі сомалары төтенше жағдайлар, ішкі істер, денсаулық сақтау, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты. Оның негізгі себептері: конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, төлеуге берілетін шоттардың кеш ұсынылуы. «Жергілікті бюджеттердің шығыстары 3,5 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 61 млрд теңге. Ағымдағы жылы өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 933 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2% игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге, оның ішінде 4 млрд теңге – үнемдеу, 13 млрд теңге игерілмегені.

Ең көп игерілмеу: Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстарында қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы, жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақытылы ұсынбау, конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі, төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы», – дейді Е.Жамаубаев. Министрдің есебіне қарағанда, 5 айда 5,3 трлн теңгеден астам сомаға 328,5 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылған. Тексеру қорытындылары бойынша 26 145 рәсімнің бұзушылықтары анықталып, мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 93% орындады. Өткізілген 957 аудиторлық іс-шарада аудитпен шамамен 1,9 трлн теңге бюджет қаражаты қамтылды. 80 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 71 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 817 ұсыным берілді.

Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 721 нысанды сату көзделген болатын. Е. Кенжебекұлының айтуынша, есепті кезеңде 670 нысанның 227-сі 61 млрд теңгеге сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 40 нысан сатылуға қойылып, 36 нысан қайта ұйымдастырылды және таратылды. 162 нысан сату алдындағы дайындықта. 205 нысанды жаңа жеке операторлардың пайда болуына жол бермеу тұрғысынан Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмысының шеңберінде кешенді жоспардан алып тастау ұсынылады.

Ораз БАЙМҰРАТОВ, Әлеуметтік экономика және қаржы институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы:

– Әлемдік тәжірибеде игерілмеген бюджет қаржысын тек азайтып ғана қоймай, оны толық жоюға да болады. Оның бәрі бюджетті жоспарлаудың сапасына байланысты. Әрине, дағдарыс жағдайында бюджетте белгілі бір деңгейде игерілмеген қаржының болуы қалыпты нәрсе деуге де болады. Экономикалық қарым-қатынасы тым тереңдеп кеткендіктен біздің елімізге белгілі бір деңгейде Ресейге салынған экономикалық санкциялардың да әсері бар. Бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына әсер ететін фактор көп. Оны жан-жақты қарастыру қажет. Жалпы, бюджеттегі игерілмеген қаржының көлемін 1-2 пайызға дейін төмендетуге болады. Бізде оның көлемі жоғары боп тұр. Мемлекет қолдауын қажет ететін салалар жеткілікті боп тұрғанда бюджеттегі игерілмеген қаржы туралы айту қолайсыз нәрсе. Өйткені, бізде бюджет тапшылығы бар. Қаржы жетпей жатқанда, жоспарланған бюджет қаржысының тиімді игерілмеуі ондағы жоспарлау сапасының да көрсеткіші болып тұр.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Остановить практику смертей за решеткой

МАЖИЛИСМЕНЫ ОБЕСПОКОЕНЫ КРИТИЧЕСКИМ УРОВНЕМ СМЕРТНОСТИ В СЛЕДСТВЕННЫХ ИЗОЛЯТОРАХ И...

Туды көлікке ілуге бола ма? Министрлік мәлімдеме жасады

Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік туды көлікке іліп жүруге қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заң қабылданды

Сенат депутаттары Қазақстанда ЛГБТ-ны насихатына тыйым салуды көздейтін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Оқушы білімі vs жасанды интеллект: Балаларды қалай бағалау керек?

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллекттің (AI) қазіргі өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтіп, білім беру саласында оның әсерін түсіну және қолдану қажеттігін айтты.

Қазақстандықтар орташа есеппен 75 жастан көп өмір сүреді

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, күтілетін өмір ұзақтығы негізгі ұлттық көрсеткіштердің бірі.