HONOR Android 17 Beta 3 нұсқасына алғашқылардың бірі болып қол жеткізді

Халықаралық технологиялық HONOR компаниясы HONOR Magic8 Pro флагмандық смартфоны Android 17 Beta 3 жүйесін қолдайтын индустриядағы алғашқы құрылғылардың қатарына енгенін хабарлады. Бұл HONOR-дың Google компаниясының негізгі серіктестерінің бірі ретіндегі мәртебесін айқындай түседі және әзірлеушілерге операциялық жүйенің жаңа мүмкіндіктерін алдын ала сынақтан өткізуге, қосымшалардың үйлесімділігін оңтайландыруға әрі оларды брендтің флагмандық құрылғысына бейімдеуге мүмкіндік береді.

Android 17 Beta 3 нұсқасына ерте қолжетімділік HONOR мен Google компанияларының Android экожүйесін дамытудағы тығыз ынтымақтастығын растайды және әзірлеушілерге болашақ операциялық жүйенің жаңа құралдары мен функцияларын алғашқылардың бірі болып пайдалануға жол ашады.

Пайдаланушылар үшін Android 17 смартфонмен өзара әрекеттесудің анағұрлым интуитивті, қауіпсіз әрі жекелендірілген тәжірибесін ұсынады. Beta 3 нұсқасының негізгі жаңартулары қатарында Bubbles жүйелік қолдауымен жетілдірілген көптапсырмалылық, байланыстарды ыңғайлы басқаруға арналған жаңартылған жылдам баптаулар, сондай-ақ экран жазбасы мен геолокацияны бөлісу кезіндегі күшейтілген құпиялылық құралдары бар.

Жаңартуда мобильді фотосуретке ерекше назар аударылған. Android 17 Beta 3 алғаш рет RAW14 форматын нативті түрде қолдайды. Бұл фото түсіруге және өңдеуге арналған үшінші тарап қосымшаларына HONOR Magic8 Pro смартфонындағы фирмалық AiMAGE камера жүйесінің әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа формат жоғары детализацияны, кең динамикалық диапазонды және түстердің кәсіби дәлдігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жаңарту интерфейсті кеңінен жекелеу мүмкіндіктерін, қосымшаларға арналған жеке баптаулары бар жетілдірілген қараңғы режимді, жаңартылған экран жазу мәзірін және жергілікті желіні қорғау мен посткванттық криптографияны қолдау сияқты қосымша қауіпсіздік функцияларын қамтиды.

Әзірлеушілерге Android 17 Beta 3 нұсқасына жедел қолжетімділік ұсына отырып, HONOR Android-тың ашық экожүйесін дамытуға және әлемдегі әзірлеушілер қауымдастығын қолдауға бейілді екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Компания сондай-ақ Android 17 жүйесінің ресми релизіне барынша бірқалыпты көшуді қамтамасыз етуге ұмтылады.

Сначала сделали лучше жизнь соседей. Теперь строим новый центр деловой жизни Алматы

  Когда девелопер приходит в район, жители обычно задаются вопросом:...

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі...

Қайырымдылық – қоғамның рухани тірегі

Қайырымдылық – адамзат баласына ортақ ізгі құндылықтардың бірі. Ол...

HONOR 600 выводит мобильную съемку и надежность устройств на новый уровень благодаря флагманским AI-технологиям

Международный бренд экосистемы AI-устройств HONOR представляет новую серию смартфонов...