12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

HOMEBANK МОБИЛЬДІК БАНКТІК ҚОСЫМШАСЫНДА – 25 ПАЙЫЗ ЖЕҢІЛДІК

Қазақстанда алғашқы рет Halyk Bank-тің Homebank мобильдік банктік қосымшасында NFC функциясы бар кез келген Android смартфондарының көмегімен контактісіз төлеу мүмкіндігі жүзеге асырылды.
Halyk Bank арнайы Homebank Pay қызметі қосылуына орай жаңа бонустық акцияны бастады – демалыс және мереке күндері 25%-ға дейін бонус (мейрамханалар мен кафелерде) және 10% бонус (супермаркеттерде және жылдам тамақтану мейрамханаларында).
Енді NFC-ді қолдайтын Android құрылғыларының жүз мыңдаған иеленушілері Homebank қосымшасы арқылы бүкіл әлем бойынша контактісіз төлеу функциясы бар POS-терминалдармен жабдықталған сауда және сервис орындарында бір қимылмен төлем жасай алады.
Бұл ретте қосалқы қосымшаларды жүктеу қажет емес. NFC-төлемді бүгіннен бастап қолдануға болады, ол үшін Google Play Market-те Homebank қосымшасын соңғы нұсқасына дейін жаңарту ғана қажет.
Нақты нұсқаулықпен сайтта https://halykbank.kz/homebankpay мекенжай бойынша танысуға болады.
Жаңа қызмет қосылғалы өзімен бірге төлем карталар мен қолма-қол ақшаны алып жүру қажет емес болады. Сіздің смартфоныңыз әмбебап контактісіз қолма-қол ақшасыз төлем құралына айналады. NFC-төлем технологиясын пайдалану қауіпсіз, өйткені қосымшаға қосылған құрылғы банк картасының нөмірін сақтамайды.
Жаңа технология төлеу үшін Halyk Bank-тің Visa картасымен Homebank мобильдік қосымшасы орнатылған, NFC функциясы бар Android құрылғыларын пайдалануды мүмкін етеді.

Төлеу үшін бар болғаны:
• Homebank қосымшасына кіру,
• NFC төлем белгісін таңдау,
• Смартфоныңызды контактісіз төлеу функциясы бар POS терминалға жақындату керек,
• Төлем жүргізілді.

Бүгінгі күні Homebank Pay төлемдері Samsung, LG, Sony, Huawei, Xiaomi, Meizu құрылғыларында және танымал маркалы басқа да Android смартфондарында табысты жүргізілуде.
«Қазақстанда алғашқы рет бір банктік қосымшада пайдаланушының таңдауына төлеудің бірнеше нұсқасы ұсынылды: NFC және QR-төлем модулімен жабдықталған смартфон арқылы Android төлемдер. Бұл Қазақстанда алғашқы және әзірше жалғыз шешім, – деді Halyk Bank Басқарма Төрағасының орынбасары Асқар СМАҒҰЛОВ, – Halyk Bank өз клиенттеріне тауарлар мен қызметтер үшін төлеу процесін айтарлықтай жеңілдететін тағы бір ыңғайлы технологияны ұсынуға қуанышты».
«Біз ұзақ мерзімді серіктесіміз Halyk Bank-тің қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытудағы құлшынысын құптаймыз және де тұтынушылар үшін тағы бір ыңғайлы төлем шешімін қосуын қолдауға қуаныштымыз. Қазақстан инновациялық даму жолымен нық қадам басуда және мен тұтынушыларға ұсынылған ыңғайлы және қауіпсіз төлем шешімдердің таңдауы қаншалықты көп болса, олар бұл қызметті соншалықты жиі қолданатынына сенемін», – деп Visa-ның Орталық Азия елдеріндегі Бас менеджері Әлия Чыныбаева атап өтті.

* NFC (near field communication — ағылш. «жақын контактісіз байланыс») — әрекет ету шеңбері үлкен емес (10 см. дейін) сымсыз байланыс интерфейсі. Смартфонның көмегімен контактісіз төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретін технология. Банктік картаны клиент арнайы мобильдік қосымшаға (Wallet) қосады.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...