Хантавирус тараған лайнердегі жолаушылар өз елдеріне жаппай қайтарылып жатыр 

Хантавирус ошағы анықталған MV Hondius круиздік лайнерінен ондаған жолаушы өз елдеріне эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бортында 147 адам болған кеме бұған дейін Испанияға қарасты Тенерифе аралына келіп тоқтаған. Порттағы Гранадилья айлағында якорьге тұрған лайнерден жолаушылар шағын қайықтар арқылы жағаға жеткізілді. Одан кейін адамдар автобустармен әуежайға тасымалданып, ары қарай өз елдеріне эвакуацияланған.

Испанияның денсаулық сақтау министрі Моника Гарсия бірнеше ел қатысқан репатриация операциясы «жоспарға сай» өткенін мәлімдеді. 2026 жылғы 10 мамырда эвакуацияның алғашқы күні кемеден 19 елдің 94 жолаушысы шығарылды. CNN мәліметінше, 11 мамырда тағы бір топ адам жөнелтіледі деп күтіліп отыр.

АҚШ билігінің дерегіне сәйкес, эвакуацияланған 17 америкалық азаматтың бірінен ПТР-тест нәтижесінде «Андес» вирусының әлсіз оң нәтижесі анықталған. Тағы бір жолаушыда аурудың жеңіл белгілері байқалған. Екеуі де АҚШ-тың Небраска штатындағы медициналық орталыққа жеткізілетін ұшақта оқшауланған бөлімде отыр.

Жолаушыларды түсірмес бұрын кемеге медицина қызметкерлері көтеріліп, жолаушылар мен экипаж мүшелерін тексерген.

Өткен айда Аргентинадан басталған круиз басталғалы бері хантавируспен байланысты үш адамның өлімі тіркелген. Бұған дейін бірнеше жолаушы ем алу үшін эвакуацияланған болатын.

Хантавирус сирек кездесетін ауру саналады. Ол көбіне ауру жұқтырған кеміргіштердің зәрі немесе нәжісі арқылы тарайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус бұл вирус «тағы бір COVID-19 емес» екенін айтып, халық үшін қауіп деңгейі төмен күйінде қалып отырғанын мәлімдеді.

Өз азаматтарын эвакуациялау үшін АҚШ, Испания, Франция, Канада, Ирландия, Нидерланды және басқа да елдер авиация күштерін жұмылдырған. Дүйсенбі, 11 мамыр күні қалған жолаушыларды Австралия мен Нидерландыға рейстермен жіберу жоспарланып отыр.

Эвакуация аяқталғаннан кейін лайнер борттағы қалған экипаж мүшелерімен бірге Роттердамға бағыт алады. Oceanwide туристік компаниясының мәліметінше, кеме межелі жерге жеткен соң толықтай дезинфекциядан өткізіледі.

Алматыда жылуды 9 қазаннан бастап қосады

Алматыда биыл жылу қосу маусымы 9 қазанда басталады. Алайда әкімдіктің хабарлауынша, тұрғын үйлерге жылу бірден қосылмайды.

Ерлан Карин Джеки Чанмен кинематография саласындағы ынтымақтастықты талқылады 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-президент Ерлан Карин халықаралық киножобаның түсірілім тобымен кездесті.

Қазақстанда алкогольге ең көп ақша жұмсайтын өңір анықталды 

Қазақстан тұрғындары алкоголь өнімдеріне, шарап пен сыраға орта есеппен азырақ ақша жұмсай бастады: 2026 жылғы қаңтар–маусым айларында шығын бір адамға 3,1 мың теңгені құрап, бір жылда 1,1%-ға қысқарды.

Алтын бағасы алдағы бір жылда 5013 долларға дейін қымбаттауы мүмкін 

Алдағы 12 айда алтынның бағасы бір трой унциясына 5013 долларға дейін өсуі мүмкін.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды 

Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді.