Хантавирус: Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатындарға кеңес берді 

Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатын азаматтарға хантавирус инфекциясын жұқтырмаудың жолдары туралы кеңес берді.

Министрліктің мәліметінше, хантавирус инфекциясы – адамға негізінен кеміргіштермен немесе олардың бөлінділерімен байланыс арқылы жұғатын қауіпті вирустық ауру.

Вирус ағзаға шаң, тағам, су немесе шағу (тістеу) арқылы түсуі мүмкін, – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

Дәрігерлер инфекцияны жұқтырмау үшін бірқатар кеңестер берді:

  • Шетелге шыққан жағдайда кеміргіштермен және олардың бөлінділерімен байланысты мүлдем болдырмау, сондай-ақ олардың болуы мүмкін мекендеу орындарына бармау қажет; 
  • Кеміргіштермен ластануы мүмкін тағамдар мен суды тұтынбау, бейберекет және көше саудасы орындарында тамақтанудан бас тарту, азық-түлікті беті тығыз жабылған ыдыста сақтау керек;
  • Жабық үй-жайларда болған кезде алдымен ішін желдетіп, қолғап пен маска киіп, дезинфекциялық құралдармен ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізген жөн;
  • Адамдар көп жиналатын орындарға барғанда жеке профилактикалық шараларды қолдану (арақашықтық сақтау, маска тағу, дезинфекциялау құралдарын пайдалану), қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау қажет.

Министрлік егер елге оралғаннан кейін 1-8 апта ішінде сырқаттану белгілері, жоғары температура, айқын әлсіздік, бұлшықет ауырсынуы, жөтел немесе ентігу пайда болса, шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіну және шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлау қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.