12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Германия қорғаныс шығындарын рекордтық деңгейге арттырады

Германия канцлері Олаф Шольц 2022 жылғы бюджеттен қарулы күштерге 100 миллиард еуро бөлуге уәде беріп, неміс қарулы күштерін нығайту жоспарын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы неміс саясаткері Ресейдің Украинаға басып кіруіне Германияның әрекетіне арналған парламенттің кезектен тыс отырысында мәлімдеді. Шольц бұл шығындарға Германия қарулы күштері үшін инвестициялар мен қару жобалары кіретінін айтты.

Сонымен қатар, Германия жыл сайын қорғаныс бюджетіне жарналарды арттырып, оны елдің ішкі жалпы өнімінің 2 пайызынан асатын деңгейге жеткізеді.

«Бостандығымыз бен демократиямызды қорғау үшін еліміздің қауіпсіздігіне көбірек инвестиция салуымыз керек екені анық», — деді Шольц.

Германия НАТО-ның 2021 жылға арналған қорғаныс шығындары жоғары екенін хабарлады және биылғы жылға 53 миллиард еуро бюджетін ұсынды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 3,2 пайызға арты. Шығындар 2020 жылы 51,4 миллиард еуромен шектелген болатын.

Сондай-ақ Шольц Германияның Украина әскерін қару-жарақпен қамтамасыз ететінін, бұл бұрынғы саясаттан бас тарту екенін айтты.

«Біз Украинаны осындай кезде қолдауымыз керек. Ресей президенті Владимир Путин Украинаға шабуыл жасау арқылы елді картадан өшіріп қана қоймай, еуропалық қауіпсіздік құрылымын бұзып отыр», — деді канцлер.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...