12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Гендерлік теңдік отбасы құндылығы

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат — шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат-мемлекеттің туелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр. Әсіресе адам құқығын қорғау, сотта екі жақты тең ұстау мәселелерінде бұл ұғымның маңызы зор!
Гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
Жалпы, гендер ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастардың өмірдің барлық салаларында көрініс табатын әлеуметтік қыры деген ұғымды білдіреді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр.
Мәселен, әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, құқыққа жат қол сұғудан қорғау; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мәселелерінде ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлеріне, нысандары мен әдістеріне, сондай-ақ оларды жасауға жағдай жасайтын себептер мен шарттарға талдау зертеуін жүргізу; әйелдерге қатысты зорлы-зомбылықтың алдын алу мен жолын кесу мәселелерінде халыққа құқықтық көмек көрсету болып табылады. Біздің елемізде бұл мақсаттағы жұмыс көңілге қуаныш ұялатады.
Сонымен қатар өмірлік маңызды салаларда әйелдер еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтардың да мүддесін қорғайды. Сондықтан оларға құрмет ешқашан артық етпейді.

А. Т. Байдаулетова, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Сенім  – заңды білуден басталады

Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі –  сабырсыздық, шыдамсыздық, яғни...

Істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарау

Азаматтық істі қараған кезде белгілі жағдайларда талап қою оңайлатылған...

Мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар

АПК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар...

Көлікті мас күйде басқарудың жауапкершілігі жоғары

Жол көлік оқиғаларын барынша азайту қазіргі таңда қоғамның алға...

Негізсіз баюдың соңы жақсылыққа апармайды

«Уәдені бұзған – ұяны бұзғанмен тең», «Ақшадан уәде күшті»...