Гарвардқа қатысты дау: қазақстандық студенттерді не күтіп тұр?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Гарвардқа қатысты жағдайға пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Гарвардтағы жағдай оңай емес, бірақ министрлік оны бақылауда ұстайды.

«Барлық тиісті сауалды жібердік. Әлі түпкілікті шешім қабылданбады. Қазір сот процестері жалғасып жатыр. Соттың кезекті отырысы АҚШ-та 29 мамырға белгіленді. Дүрбелең туғызуға әлі ерте, сот шешімін күту керек», — деді Саясат Нұрбек Astana international forum (AIF)-да.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетінде жеті қазақстандық білім алып жатыр: бес магистрант және тағылымдамадан өтіп жатқан екі адам.

«Бағдарлама қатысушыларымен байланыстамыз. Ресми шешім қабылданғаннан кейін сәйкесінше қажет шараларды қабылдаймыз. Шектеу күшіне енсе, бізде іс-қимыл алгоритмі бар», — деді министр.

Шенеуніктің айтуынша, студенттер Гарвардтан шығарылса, олар Айви лигасының басқа университетіне ауыса алады. Олардың жалпы саны — тоғыз. Бәрі «Болашақ» бағдарламасымен ынтымақтасады.

Бұған дейін қандай жағдай болды?

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды. Себебі университет өткен айда Ішкі қауіпсіздік министрлігі сұраған, шетелдік студенттердің мінез-құлқы туралы жазбаларды беруден бас тартқан. Осыған байланысты ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм өз ведомствосына Гарвардтың студенттік және айырбас бағдарламасына сертификат беруді тоқтатуды бұйырған.

Осылайша ведомство енді Гарвард «шетелдік студенттерді қабылдай алмайтынын, ал қазір оқитын шетелдік студенттер ауысуы немесе заңды мәртебесін жоюы керек» екенін мәлімдеді.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.