Футболдан әлем чемпионаты: Плей-офф қатысушылары анықталуда 

Әлем чемпионатында кезекті ойын күні аяқталып, Швейцария, Канада және Марокко плей-офф жолдамасын рәсімдесе, бірқатар құрамалардың тағдыры соңғы тур нәтижелеріне байланысты болмақ.Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі шешуші кездесулер аяқталып, бірқатар құрамалар плей-офф жолдамасын иеленді. Кей командалар келесі кезеңге тікелей шықса, енді біреулері тағдырын басқа матчтардың нәтижесіне байланысты күтетін болды.

Швейцария Канададан басым түсіп, В тобында бірінші орын алды

Швейцария құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчында Канаданы 2:1 есебімен жеңіп, В тобында көш бастады. Екінші таймның басында Рубен Варгас пен Йохан Манзамби соққан голдар жеңіске жол ашты. Канадалықтардың сапынан Промис Дэвид бір голмен жауап қайтарды.

Осылайша Швейцария қатарынан төртінші әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне жолдама алып, 3 шілдеде 1/16 финалда ойнайды. Ал Канада құрамасы өз тарихында алғаш рет плей-оффқа шығып, топта екінші орынмен келесі кезеңге өтті.

Босния және Герцеговина Катарды сенімді жеңді

В тобындағы тағы бір кездесуде Босния және Герцеговина құрамасы Катарды 3:1 есебімен ұтты. Жеңімпаздар сапында Керим Алайбегович пен Эрмин Махмич гол соқты, тағы бір доп автогол ретінде тіркелді.

Бұл жеңістен кейін босниялықтар төрт ұпай жинап, үздік үшінші орын алған командалардың қатарына кіруге үміт сақтап қалды. Ал Катар құрамасы бір ғана ұпаймен топтағы соңғы орынды иеленді.

Марокко Гаитиді жеңіп, плей-оффқа шықты

С тобындағы матчта Марокко құрамасы Гаитиден 4:2 есебімен басым түсті. Марокколықтар сапында Ашраф Хакими, Исмаэль Сайбари, Софьян Рахими және Джессим Ясин мергендік танытты.

Гаити екі рет есепте алға шыққанымен, матч соңында қарсыластың қарқынына төтеп бере алмады. Нәтижесінде Марокко топта екінші орын алып, 1/16 финалға жолдама иеленді. Гаити құрамасы жарысты аяқтады.

Шотландияның тағдыры басқа матчтарға байланысты

С тобындағы тағы бір ойында Бразилия Шотландияны 3:0 есебімен жеңді. Осы жеңілістен кейін шотландиялықтар топта үшінші орын алды.

Қазір Шотландия құрамасы плей-оффқа шығатын үздік сегіз үшінші орын иегерлерінің қатарына ене ме, жоқ па – соны басқа топтардағы матчтардың нәтижесі анықтайды. Сарапшылар олардың келесі кезеңге өту мүмкіндігін шамамен 42 пайыз деп бағалап отыр.

Оңтүстік Африка тарихи жетістікке жетті

Тапело Масеконың екінші таймдағы голы Оңтүстік Африка құрамасына Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңіп, тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.

Осы жеңістен кейін африкалықтар А тобында екінші орын алып, 1/16 финалға жолдама алды. Олар келесі кезеңде Канада құрамасымен кездеседі. Ал Оңтүстік Корея үздік үшінші орын алған командалар қатарына ілігуге үміттенеді.

Мексика Чехияны ірі есеппен жеңді

Мексика құрамасы топтық кезеңдегі соңғы матчта Чехияны 3:0 есебімен ұтып, үш ойында да жеңіске жетті.

Голдарды Матео Чавес, Джулиан Кинонес және Альваро Фидальго соқты. Сондай-ақ 17 жастағы Хильберто Мора нәтижелі ойынымен көзге түсіп, әлем чемпионатында негізгі құрамда шыққан ең жас мексикалық футболшы атанды.

Осылайша Мексика тоғыз ұпаймен топ жеңімпазы атанса, Чехия бір ұпаймен турнирден шығып қалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.