Есірткі тасымалдаушы азаматтық некедегі сүйіктісімен заңды некеге тұрды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қыдмыстық –атқару жүйесі комитетінің «№68 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде қамауда отырған жігіт азаматтық некедегі сүйіктісімен заңды некеге тұрды.

Бұл азамат Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 297-бап, Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу бойынша сотталған.

34 жастағы жігіттің айтуы бойынша: Алғашқы некем баянсыз болып, бір ұлымммен ажырасып кеткен болатынмын. Ажырасуымызға материялдық жағдайымыздың төмен болуы себеп болды. Содан соң, біраз күйзеліске түсіп жүрдім. Бірақ, достарымның қолдауымен есімді жиып, қаржылық жағынан өз-өзімді көтеру мақсатында жан- жақты қосымша жұмыс іздедім. Нәтижиесінде интернет арқылы онлайн жұмыстан біраз ақша таптым. Бірақ, заңсыз іс- әрекетімнің соңы, қолыма кісен салынып, темірторға қамалынуыма әкеліп жеткізді. Бостандықта жүргенде азаматтық некеде болған әйел басыма іс түскенде мені тастап кетпей, керісінше қолдап, некемізді заңдастыруға рүқсатын берді.

Бүгін міне, қолымызға неке куәлігін алдық. Бұл құжатты алуымызды ұйымдастырып берген мекеме басшысы мен заңгерге алғыс айтамын. Енді жаза мерзімімді өтеу жеңіл болады. Өйткені, менің бостандыққа тезірек шығуымды күтіп отырған сүйіктім бар. Сол үшінде мекеменің ішкі күн тәртібіне бағынып, заң бұзбауға тырысамын.

В области Абай сотрудники женской колонии отметили День здоровья спортивными соревнованиями

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось спортивное...

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...