«Есепте тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шара жүргізу

«Есепте тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шара жүргізу барысында Абай облысы бойынша ҚАЖД Семей қаласы Затон аудандық пробация қызмет бөлімімен атқарылып жатқан жұмысы.

Еліміздің облыс көлеміндегі барлық аумақтық пробация қызмет бөлімдерімен ағымдағы жылдың 10 мен 23 ақпан айы аралығында «Есепте тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілуде. Осыған орай пробация қызметінің жеке құрамы күшейтілген қызметке көшірілді.
Республикалық профилактикалық іс-шара өткізу барысында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды өтеп жатқан сотталғандардың барлығы тұрғылықты жері бойынша және олардың тарапынан болған құқық бұзушылық және қайталама қылмыстың қайталануын болдырмау мақсатында, сондай-ақ осындай тұлғалардың тарапынан шетелге шығу фактілері, әкімшілік құқық бұзушылық жасау сонымен қатар, хабардар етпей мекен – жайларын ауыстыру фактілері тексерілуде.
Іс-шара өткізу барысында Абай облысы бойынша ҚАЖД Семей қаласы Затон аудандық пробация қызмет бөлімі пробация қызметінің қызметкерлері жергілікті полиция қызмет бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды мекен-жайы бойынша сонымен қатар, ауылдық жерлерде орналасқан шаруа қожалықтарында есепте тұратын адамдарды тұрғылықты жері бойынша толықтай тексеру шараларын жүргізуде.
Жүргізіліп жатқан іс-шараның басты мақсаты, сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтың және қайталама қылмыстың алдын-алу, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке адамға қол сұғатын және отбасылық – тұрмыстық қарым-қатынас саласында әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

В области Абай сотрудники женской колонии отметили День здоровья спортивными соревнованиями

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялось спортивное...

Осуждённым учреждения №20 оказана правовая помощь в области Абай

В учреждении №20 уголовно-исполнительной системы по области Абай проведено...

Болашақ заңгерлерге Абай облысында қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысы ішінен көрсетілді

Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің...

№20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде сотталғандарға құқықтық...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Дүниежүзілік күлкі күніне...