Ерлан Тұрғымбаев Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды

Ерлан Тұрғымбаев Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды”, – делінген Жарлықта. 

Еске салсақ, осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалған еді.

Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша — заңгер, ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған.

Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімі ҚІ бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс істеді.

1986 жыл мен 2002 жылдың аралығында Алатау және Калинин АІІБ-ның тергеу-жедел бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.

2002 жылдың ақпаны мен қыркүйегі аралығында — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы.

2002 жылдың қыркүйегі мен 2003 жылдың сәуірі аралығында — Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы.

2003 жылдың сәуірі мен 2006 жылдың мамыры аралығында — Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, бастығы.

2006 жылдың мамыры мен 2006 жылдың шілдесі аралығында — Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің бастығы.

2006 жылдың шілдесі мен 2012 жылдың желтоқсаны аралығында — Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.

2012 жылдың желтоқсаннан бастап — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болған.

2019 жылдың 12 ақпанынан  2022 жыл жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болған. 

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгісімен, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ ІІМ-нің және ІІД-нің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?