12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ерлан Қошанов: Әлеуметтік мемлекет – Президент саясатының негізгі басымдығы

Қазақстанда әр іс-әрекеттен заң мен тәртіпке деген құрмет көрініп тұратын әлеуметтік мемлекеттің айшықты бейнесі айқындалып келеді. Бұл туралы Президенттің реформаларын іске асыруға арналған Мәжілістің жалпы отырысында Палата спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, 2022 жылғы 16 наурызда дәл осы залда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты тарихи Жолдауын жариялады.

Ол әлем үшін де, Қазақстан үшін де алмағайып, күрделі сынақтардың кезеңінде Президенттің сөздері елдің еңсесін көтеріп, рухын оятып, ұлтымызды ұйыстырғанына назар аударды.

«Шын мәнінде, Жаңа, Әділетті Қазақстан қол жетпес арман емес. Ол – халқымыздың талап-тілегінен, қоғамның сұранысынан туындаған қажеттілік, өмірдің шындығы. Ал, реформалар жай ғана заңды өзгерту емес, тұтас мемлекет пен қоғамның болмыс-бітімін жаңарту, жаңғырту», – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері Қазақстанда 30 жыл бойы суперпрезиденттік басқару формасы қолданылып, оның соңы күрделі саяси дағдарысқа алып келгенін еске салды. Үш жыл бұрын елімізде басқару жүйесінің бұрынғы қағидаттары толықтай қайта қаралып, билік тармақтары арасында тиімді теңгерім орнатылған мүлде жаңа мемлекеттік-саяси жүйе қалыптастырылды.

«Әр іс-әрекеттен заң мен тәртіпке деген құрмет көрініп тұратын әлеуметтік мемлекеттің айшықты бейнесі айқындалып келеді. Осы сәттен бастап Әділетті Қазақстан жай ғана ұран емес, нақты мүмкіндікке айналуда», – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов үш жыл ішінде жүргізілген реформалар аясында әлеуметтік әділдік қағидаттарын жүзеге асыратын бірқатар маңызды заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында заңсыз алынған активтерді қайтару, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау туралы, «Ұлттық қор — балаларға» және басқа да заңдар бар. Жуық арада ғана өткен Құрылтайдың кезекті отырысында Мемлекет басшысы тағы да бірқатар жаңа міндет қойды.

«Біз мүлде жаңа, сәт сайын құбылып, өзгеріп жатқан тарихи дәуірде өмір сүріп отырмыз. Ал, тарихта екінші мүмкіндік деген болмайды. Халық, ұлт ретінде соны түсінуіміз керек. Жарқын болашақ дегеніміз – тағдырдың жәй ғана сыйы емес. Біздің адал еңбегіміздің, төккен теріміздің өтеуі болатынын жадымыздан шығармайық. Бұл жолда ұлт болып, жұрт болып жұмылып, бірге жұмыс істеуіміз керек», – деді Ерлан Қошанов.

Елдегі реформалардың қазіргі жағдайына Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев пен Мәжіліс депутаттары өз бағаларын берді.

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер өседі

2026 жылы еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер көбейеді.

2026 жылғы қаңтарда 12 күн демалыс: Қазақстандықтар қалай демалады?

2026 жылғы қаңтар айында қазақстандықтарға 12 демалыс күні беріледі.

2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды

2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі.

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке куәлік тегін беріледі

ІІМ бұл құжатты алғаш рет рәсімдегендер мен жарамдылық мерзімі аяқталған кезде ауыстыратындар үшін осындай мүмкіндік беріп отыр.

Остановить практику смертей за решеткой

МАЖИЛИСМЕНЫ ОБЕСПОКОЕНЫ КРИТИЧЕСКИМ УРОВНЕМ СМЕРТНОСТИ В СЛЕДСТВЕННЫХ ИЗОЛЯТОРАХ И...