12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ердоған соғысқа араласуы мүмкін бе?

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған НАТО-ның Украинаға қатысты жағдайда тиісті шешім қабылдамағанын және батыстың оған деген көзқарасы достықтан алшақ екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

– Батыс, Еуроодақ елдері және НАТО Украинаға қатысты табандылық көрсете алмады. Барлығы оған кеңес береді. Батыстың Украинаға деген көзқарасын достық немесе ынтымақтастық деп санауға болмайды, – деді президент Ердоған.

Ердоған «кеңес жағдайға әсер ете алмайды» деп атап өтті.

– Біз серіктестермен сөйлесіп жатырмыз, босқа кеңес құрудан басқа Еуропа не істеді? Не істеп жатыр? Не істейтінін сұрап жатырмыз. Ештеңе жоқ. Бұлай ештеңені өзгерту мүмкін емес. НАТО неғұрлым батыл әрекет етуі керек. Бүгін НАТО саммитінде не істеуге болатынын талқылаймыз, – деді ол.

Түркия басшысы альянс саммитінің қорытындысы бойынша нақты шешімдер қабылданатынына сенім білдірді.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін баса айтты.

Армения халқы Пашиняннің отставкаға кетуін талап етті

13 қыркүйекте Армения ұлттық жиналысы ғимаратының алдында премьер-министр Никол...

Ресей Киевтегі тұрғын үйлерге шабуыл жасады: Көз жұмғандар бар

Жексенбі күні таңертең ресейлік әскерилер Киевке әуеден соққы жасады. Жергілікті...

Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын...

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемге астық тапшылығы қаупі төніп тұрғанын ескертті

Украинадағы қақтығыс салдарынан тыңайтқыштардың қымбаттауы барлық негізгі дақылдардың тапшылығына...

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye...