Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы Король Халид халықаралық әуежайына жасалған шабуылдан 12 адам қаза болып, тағы 309 адам жарақат алды. Бұл туралы Saudigazette-сілтеме жасап, Baribar.kz хабарлап отыр.
Қаза болғандардың арасында шетел азаматтары бар
GACA мәліметінше, қаза болғандардың төртеуі — Сауд Арабиясы азаматы, екеуі — Бангладеш азаматы. Қалғандары АҚШ, Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина және Судан азаматы.
Шабуылдан зардап шеккен 309 адам медициналық көмек алып жатыр. Олардың арасында жағдайы ауыр науқастар да бар. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтылып, жараланғандарға тезірек сауығып кету тілегі білдірілді.
Әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды
Шабуыл әуежай инфрақұрылымына материалдық залал келтірген. Қазіргі уақытта шығын көлемі бағаланып жатыр.
Қауіпсіздікті тексеріп, зақымданған нысандар жағдайын анықтау үшін Король Халид халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылған. Тиіс қызметтер жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және азаматтық авиация инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүргізген.


