ЕО жасанды интеллект жасаған контентті таңбалауды заңмен міндеттеді 

Еуропалық одақта1 тамыздан бастап жасанды интеллект (AI) көмегімен жасалған контентті міндетті түрде арнайы белгілеу туралы талап күшіне енді. Бұл ереже ЕО-ның жасанды интеллектті реттеуге арналған алғашқы кешенді заңы – AI Act аясында енгізілді.

DW басылымының мәліметінше, енді жасанды интеллект жүйелерін әзірлеушілер мен жеткізушілер AI арқылы жасалған белгілі бір контентті анық әрі көрнекі түрде таңбалауға міндетті. Бұл талап шынайы адамдарды, нысандарды, орындарды немесе оқиғаларды бейнелейтін суреттерге, аудио және бейнематериалдарға, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша алдын ала редакциялық тексерусіз жарияланатын мәтіндерге қатысты.

Сонымен қатар заңда бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Мәселен, орфографиялық қателерді түзету немесе фотосуреттерді өңдеу сияқты көмекші функцияларды орындайтын AI жүйелеріне бұл талап қолданылмайды. Сондай-ақ көркем, шығармашылық, сатиралық немесе ойдан шығарылған контентке таңбалау жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.

Жаңа талаптар тек AI әзірлеушілеріне ғана емес, жасанды интеллект көмегімен жасалған материалдарды кәсіби немесе коммерциялық мақсатта пайдаланатын ұйымдар мен тұлғаларға да қатысты. Олардың қатарында компаниялар, бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары, кәсіби инфлюенсерлер, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар бар.

Ережені бұзғандарға қомақты айыппұл қарастырылған. Компанияларға 15 миллион еуроға дейін немесе жылдық жаһандық айналымының 3%-ына дейін айыппұл салынуы мүмкін. Ал ЕО мекемелері мен агенттіктеріне 750 мың еуроға дейін айыппұл қарастырылған. Шағын және орта бизнес үшін айыппұл мөлшері пропорционалдық қағидаты негізінде белгіленеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.