Енді “ГПХ“ рәсімдеуге болмайды: Сенат заң қабылданды

Сенат Қазақстанда еңбек жағдайларын жақсартуға және жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заңды қабылдады. Заңға сәйкес, бұдан былай еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттарды жасасуға болмайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құжат еңбек қатынастарын реттеуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға қатысты бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда, заң іс жүзінде еңбек қатынастарын реттейтін жағдайларда азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚС) жасасуға тыйым салады.

Мұндай белгілерге мыналар жатады:

жұмыстың белгілі бір мамандық немесе лауазым бойынша орындалуы;

жұмыстың компанияның ішкі тәртібіне бағына отырып, жеке өзі орындауы;

еңбекақының түпкілікті нәтиже үшін емес, еңбек процесі үшін төленуі.

Бұдан бөлек, 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналарды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға тыйым салынады. Бұл шектеу штат қысқартылғанда немесе өндіріс көлемі азайған жағдайда да қолданылады.

Еңбек дауларын шешу кезінде келісу комиссияларының жұмысына енді тәуелсіз делдал тартылуы мүмкін. Тағы бір норма бойынша, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу комиссиясының құрамы кеңейтілді – оған адвокат, зардап шегушінің жұбайы немесе зайыбы, сондай-ақ заң кеңесшісі қатыса алады.

Жасанды интеллект университеті биыл алғашқы студенттерін қабылдай бастайды 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект университетін ашу жоспары туралы мәлімдеді.

Мұғалімдерге әлеуметтік желі жүргізу міндетті ме? – Министрлік жауап берді 

Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте педагогтердің әлеуметтік желілерді жүргізуіне қатысты мәселеге түсінік берді.

Елімізде табыстың көп бөлігі азық-түлікке жұмсалады 

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың төртінші тоқсаны бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялады.

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.