Енді аулада көлікті кез келген жерге қоя алмайсыз: 1 шілдеден бастап не өзгереді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғын үйлердің аулалары мен оған іргелес аумақтарда автокөліктерді орналастыруға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа ережелерге сәйкес, аулалар мен автотұрақтарды жобалау кезінде көліктердің көгалдарға шығып кетуіне жол бермейтін арнайы физикалық бөгеттер орнатылуы тиіс. Бұл шара жасыл желектерді қорғауға және аула аумағын тиімді пайдалануға бағытталған.

Сонымен қатар тұрғындарға кварталішілік және аулаішілік жолдарға өз бетінше түрлі кедергілер қоюға тыйым салынады. Атап айтқанда, темірбетон блоктар, бағандар, қоршаулар және басқа да шектеу құралдарын рұқсатсыз орнатуға болмайды.

Жаңа талаптарға сәйкес, тұрғын үй маңындағы аумақтарда көліктерді мына жерлерге қоюға немесе тоқтатуға рұқсат етілмейді:

  • автотұрақ ретінде белгіленбеген орындарға;
  • тротуарларға;
  • балалар ойын алаңдарына;
  • жасыл желектер орналасқан аумақтарға;
  • қоқыс контейнерлері тұрған алаңдарға және олардың маңына.

Бұдан бөлек, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын, бөлшектелген немесе техникалық жарамсыз күйдегі көліктерді де аулада қалдыруға болмайды. Мұндай көліктер аула кеңістігін тарылтып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігіне де кері әсер етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, енгізіліп отырған өзгерістер аулалардағы бейберекет тұрақ мәселесін азайтып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жедел жәрдем, өрт сөндіру және коммуналдық қызмет көліктерінің кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.

Осылайша, 1 шілдеден бастап жүргізушілер көліктерін аулада қалдырмас бұрын жаңа талаптарды мұқият ескергені жөн. Әйтпесе, заңнамада қарастырылған жауапкершілікке тартылу қаупі бар.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.