Енді қазақстандықтардың банк шоты аяқ астынан бұғатталмауы мүмкін 

Мәжілісте қаралып жатқан нотариаттық қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасында борышкерлерді атқарушылық жазба туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ету тетігі ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Байтілесов айтты.

Депутаттың сөзінше, қазіргі таңда көптеген азаматтар атқарушылық жазба жасалғаны туралы тек банк шоттары бұғатталғаннан кейін ғана біліп жатады.

Өкінішке қарай, азаматтар атқарушылық жазба жөнінде көбіне кеш хабардар болады. Көп жағдайда олар бұл туралы банк шоттары бұғатталған кезде ғана біледі, – деді депутат.

Осы олқылықты жою мақсатында заң жобасында борышкерге атқарушылық жазбаның көшірмесін «электрондық үкімет» порталы арқылы және SMS-хабарлама жіберу арқылы жеткізу міндеті қарастырылған. Сонымен қатар хабарламаның нақты жеткізілгені арнайы тіркеліп отырады.

Қазіргі уақытта бұл тетік пилоттық жоба аясында іске асырылып жатыр. Атқарушылық жазба рәсімделген сәтте борышкерге автоматты түрде SMS-хабарлама жолданады.

Депутаттың айтуынша, бұл жүйе азаматтарды уақытылы хабардар ету көрсеткішін айтарлықтай арттырған.

Ұсынылып отырған шаралар азаматтарды тек хабардар етіп қана қоймай, олардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігін уақытылы пайдалануына жол ашады, – деді Нұрсұлтан Байтілесов.

Еске сала кетейік, қазақстандық әлеуметтік желілерде Kaspi.kz банкінің қызметіне қатысты кезекті шағым қызу талқыланып жатыр. Threads платформасының қолданушысы жалақысы мен досынан қарызы түскеннен кейін банктің оның шотын бұғаттап тастағанын айтып, наразылық білдірген болатын.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...