12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы басталды

Бүгін елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдің үкімет басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы қатысады. ЕАЭО-ның байқаушы мемлекеттері — Молдова, Өзбекстан және Кубаның қатысуы да жоспарланған.

ЕҮАК отырысының шағын және кеңейтілген форматы ескерілген. Бүгінгі кеңейтілген құрамдағы отырыстың күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдайы және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеделдетілген контейнерлік теміржолдық тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жоба туралы, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың бақылау тетігі туралы келісімін іске асыру жайында мәселелер және басқа да тақырыптар кіреді.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді.

24 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен кездесті.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен екіжақты келіссөз жүргізді.

Мұнымен қоса, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Республикасының Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен кездесті.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...