Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, күндіз аномальды аптап ыстық республикамыздың бірден 14 өңірін қамтиды:

Аптап ыстық:

  • +35°С: Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;
  • +35…+39°С: Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында;
  • +38…+42°С: Жамбыл, Маңғыстау облыстарында;
  • +40…+43°С: Түркістан және Қызылорда облыстарында.

Өте қатты ыстық:

  • +40…+41°С: Абай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысында, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында.

Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады деп күтіледі.

«Тек Қазақстанның батысында, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, еліміздің батысында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсіп, қатты жел соғуы мүмкін. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатқызылады, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі».«Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар, республикамыздың бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады:

  • жоғары өрт қаупі – Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі – Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының батысында, шығысында, орталығында.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.