Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады. Себебі түркі халықтарында 7 саны қасиетті деп есептеледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әртүрлі дәмнің мағынасы қандай?

Көженің негізгі бөлігі — су. Оны болашақта ұрпағымыз судай тасып, көбейе берсін ниетпен қосып жатады. Сүрленген етті немесе жас малдың етін ас көп болсын деген тілекпен салады. Наурыз көжеге қосатын дәнді дақылдарды бір тамырдан өсіп шығатын дән секілді ұрпағымыз көбейсін деген сеніммен қосады. Сүттей ұйып отырайық, ақ мол болсын деген ниетпен айран немесе сүт қосылады.

Ал наурыз көжені ішкеннен кейін жиналған жұрт бір-біріне «Ақ мол болсын!» деп тарқасады. 

Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов 

Наурыз көже әр өңірде қалай дайындалады?

Наурыз көже әр аймақта әртүрлі дайындалады. Түркістан облысы Шұбарсу ауылының тұрғыны Айнұр Талипованың сөзінше, оңтүстік өңірде наурыз көженің дайындалуы сәл өзгешелеу. Оның айтуынша, бұл өңірде наурыз көже қоюлау әрі айран немесе қатық қосылғандықтан қышқылдау болады. 

«Оңтүстікте көжеге әдетте жеті немесе одан да көп тағам түрі қосылады. Ең жиі кездесететіні — сүр ет, көбіне жылқы немесе сиыр еті. Сорпа — наурыз көженің негізі. Одан бөлек тары, күріш, бидай, айран, тұз қосамыз. Кейбір отбасылар жүгері, құрт, кеспе, бұршақ, сүт немесе қымыз қосады», — деді ол.

Айнұр Талипованың сөзінше, оңтүстік өңірлерде неғұрлым көп дән қосылса, жыл соғұрлым берекелі болады деген түсінік бар. 

Ал Абай облысының тұрғыны Тұрсынжамал Нұрғазықызы мүлдем басқа тәсілді бөлісті.

«Бірінші ет, май, пияз қосып, су құйып, кейін арпа жармасы, күріш, жалпы қандай дәнді дақыл бар, содан салуға болады. Әркім әртүрлі сала береді. Күріш те, жүгері де, қарақұмық та қоса береді. Бәрінен арпа жармасын қосқан жақсы», — деді ол.

Маңғыстау облысының тұрғыны да батыс өңірінде наурыз көжеге не қосылатынын айтты. Оның сөзінше, наурыз көже дайындау үшін қазы, сүт немесе айран, құрт, мейіз, сары май, күріш және тұз қажет. 

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.

Рамазан-2026: Айт намазының кестесі жарияланды 

ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады.

Мұнай 120 долларға қымбаттаса, Қазақстан қанша табады? – Ұлттық банк жауап берді 

Әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі Қазақстан экономикасына, әсіресе Ұлттық қорға түсетін түсімдерге тікелей әсер ететіні белгілі.