Елімізден қанша адам көшіп кеткен?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында елімізде биылғы көші-қон жағдайы туралы баяндады, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2024 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады. Көші-қонның оң сальдосы 2 жыл бойы сақталып келеді.

«2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +7,3 мың адамды құрады. Елге 14 мың адам келіп, 7 мың адам көшіп кетті. Елдердің бөлінісі бойынша көші-қон өсімі негізінен ТМД елдері мен Қытай Халық Республикасына тиесілі болып отыр. Білім деңгейі бойынша да оң сальдо қалыптасты, мәселен, елімізге білімді адамдар көбірек келгені байқалады», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Ал ішкі көші-қон бойынша азаматтардың қозғалыс белсенділігінің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе өсті.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...