Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы қалай өседі? Министрлік жауабы

2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыға 6,8 триллион теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«2026 жылға арналған республикалық бюджет жобасы аясында зейнетақы мен жәрдемақы бойынша әлеуметтік төлемдерге жалпы сомасы 6,8 триллион теңге көлемінде шығын қарастырылған», — деп жазылған министрлік жауабында.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылмен салыстырғанда төлемдерге арналған шығын 14,4 пайызға немесе 860,5 миллиард теңгеге өседі:

  • зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін көтеруге 622,6 миллиард теңге;
  • әлеуметтік төлем алушылар саны артуына байланысты 237,9 миллиард теңге бағытталады.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,6 миллионнан аса зейнеткер мен шамамен 2,3 миллион жәрдемақы алушы үшін зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін 10,5 пайызға көтеру жоспарланған», – деп жазылған хабарламада.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.