12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде қандай салалар ҚҚС-тан босатылуы мүмкін?

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда қандай салалар ҚҚС-тан босатылуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістегі дөңгелек үстелде Қазақстанда жоспарланып отырған салық реформасының егжей-тегжейі талқыланып жатыр.

«ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлеме ұсынамыз. Жалпы белгіленген мөлшерлеме 16 пайыз болады, бұл — базалық мөлшерлеме. Екінші нұсқа — агроөнеркәсіп кешенін ҚҚС-тан толық босату. Бұл жағдайда ерікті есепке қою құқығын сақтаймыз. Яғни салық төлеуші ҚҚС төлегісі келсе, мұндай құқығы сақталып қалады. Сондай-ақ, 10 пайыз аралық мөлшерлеме қарастырылған. Парламентке түскен жобада бұл мөлшерлеме денсаулық сақтау саласына ұсынылды», — деді Әмрин.

Шенеунік кәсіпкерлермен кездесулер, әртүрлі алаңдағы талқылаулар арқылы халық пен бизнес өкілдерінен көптеген ұсыныс түскенін жеткізді. Соның ішінде азық-түлік өнімдеріне және тауарлардың басқа да санаттарына ҚҚС-ны төмендету бойынша бастамалар көтерілген.

Одан бөлек Салық кодексінің жобасында мына жағдайлар қарастырылған:

  • бұқаралық ақпарат құралдары мен агроөнеркәсіп кешені салаларын ҚҚС-тан босата отырып, ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру, оған қоса фарминдустрия, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін 10 пайыз мөлшерінде төмендетілген мөлшерлеме белгілеу;
  • ҚҚС төлеушіні тіркеу есебіне қою үшін шекті мөлшерді 20 000-нан 3800 АЕК-ке дейін төмендету (2025 жылы бұл — 14 941 600 теңге);

«Қазір бұл мәселелердің барлығы талқыланып жатр. Мәжілістегі бейінді топтың жұмысы аясында осы ұсыныстың барлығын егжей-тегжейлі қарастырамыз», — деп толықтырды шенеунік.

Еске салайық, Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы реформалар туралы шешімді қолдады.

Кейінірек Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.

Ал Ұлттық экономика министрлігі өкілі Азамат Әмрин салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкіметтің ұсынысын айтты:

«Біз мынадай тетікті қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі — 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан толық босату, ал кейбір салалар үшін 10% мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме. Осылайша Үкімет ұсынып отырған мөлшерлемелер: 16%, 10%, 0% және босату».

Алматыдағы BRT құрылысы: қай көшелерде жұмыстар жүріп жатыр?

Алматыда Райымбек батыр даңғылы бойында көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айда Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

Құрметті достар! Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жүрекке...

Қазақстанда мәжбүрлі неке қию әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді.

Қазақстанда туу көрсеткіші соңғы 11 жылда ең төмен деңгейге түсті

2025 жылы Қазақстанда 77 мыңнан аса бала дүниеге келген. Мұндай мәліметтерді бұған дейін Бірінші кредиттік бюро (БКБ) жариялады.

Құрғақшылық қаупі: Қазақстанның қай аймақтарында жағдай күрделі?

Құрғақшылық Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының солтүстік аудандарында байқалуы мүмкін.