Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазақстанда психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрліктің мәліметінше, құжат психологиялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін қалыптастырып, психологтардың кәсіби қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды. Сонымен қатар азаматтардың психологиялық көмек алу кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

«Психологиялық қызмет туралы» заңға сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізуге, олардың кәсіби әдеп кодексін әзірлеуге, сондай-ақ заңда көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға жауапты болады.

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр. Сонымен бірге психологтардың мемлекеттік тізілімін цифрлық форматта енгізу және оны қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау мәселелері пысықталуда, — деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, заң талаптарын тиімді іске асыру мақсатында кәсіби қауымдастықтармен, мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жолға қойылады.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ ОТДЕЛЬНЫХ НОРМ НОВОЙ КОНСТИТУЦИИ К ЛИЦАМ, ЗАНИМАВШИМ ВЫСШИЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ДОЛЖНОСТИ ДО КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ. ОФИЦИАЛЬНОЕ ТОЛКОВАНИЕ ОПРЕДЕЛИЛО, КАК БУДУТ ПРИМЕНЯТЬСЯ ОГРАНИЧЕНИЯ ПРИ ИХ ПОВТОРНОМ ИЗБРАНИИ ИЛИ НАЗНАЧЕНИИ ПОСЛЕ ВСТУПЛЕНИЯ В СИЛУ ОСНОВНОГО ЗАКОНА 2026 ГОДА.

Алматыда сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын зерттейтін орталық құрылады 

Қазақстан 34 минералдың 21 түрі бойынша жеткізуші елдердің қатарына кіреді.

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты 

Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.